Ескіден қалған Екідің

Ұқсас мақалалар...

3 Responses

  1. Алмасбек Әбсадық:

    Танымдық тамаша мақала. "Екідің" арасы 1,5-2 шақырым дейді. Қазақ үшін осы аралық бір нүкте сынды пайымдалған ғой. Далалық өлкенің тұрғыны, көшпелі қазақ үшін 1,5 шақырым деген жер "түкірік тастар" қашықтық сияқты көрінген. Мына Жітіқара атауы туралы менде күмән бар. Ол "Жетіқара" сияқты көрінеді. "Жітіқараның" қорғаушылары ол маңда тау жоқ дейді. Мен айтам: біріншіден, қазақ сәл биіктеу төбе болса тау дей берген. Мысалы, Бестау. Екіншіден, Жетіқара деп бір нүкте емес, кең бір аймақ  аталаған секілді. Алтын өндіруші татар көпестері Рамиевтердің арқасында ол өлке картаға белгілене бастаған.  Алғашқы картографтардың бәрі "Джетыгора" деп жазған. Бұл "Жетіқараның" мағыналық аудармасы еді. Себебі "қара" деген сөз есімдік мағынада қолданып, тау дегенді білдіреді.

  2. Байболат:

    Екі мақалада стильдегі ерекше ұқсастық  еріксіз елең еткізеді екен.  Қараңыз!

    Таңмен таласа тұрған төрт әріптес  күн батысты бетке алып сапар шектік.  Шетелдің жүрдек жеңіл көлігі тас жолға кенеше жабысып заулатып келеді. Сарыарқа. Қазақтың құс қанатын талдырған шетсіз, шексіз жазиралы даласы. Бейнебір бізбен ымырасыз жарысқа түскендей қапталымда тынымсыз дөңгелеп барады. Әрегідік қылт етіп көрінген тобылғы мен шіліктер көз ұшында безгек буғандай безек қағып қалып жатыр.  Өкпек желдің өктем күшіне шыдамаған қасат қардың көбесі сөгіліп,  жылғаларда сылаң қағады. Суға толған сай-сала шарайнадай жарқ-жұрқ етіп көз қарықтырады. Сарғалдақ пен  бәйшешектер далама сән беріп, масаты кілемдей құлпыртыпты. Көктемнің жаршысындай қараторғайлар да әуезді әнге басып, әуені айқұш -ұйқыш тілгілеп ұшып жүр. Төбемізден төңкерілген зеңгір көк аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Шайдай ашық аспан. Арайлап атқан күн шуағына бөленген  Жер Ана қандай көркем едің…! Төртеуміз сәуір самалын  көкірек кере армансыз армансыз жұтудамыз. Біз- жүргізуші Айдар Сұлтанұлы, мектеп басшысы Людмила Бори­совна, орынбасары Наталья Алек­сандровна және мен. Мақсатымыз – айқын. Алда дәстүрлі соңғы қоңырау салтанаты. Сол салтанатқа мектебі­міздің мақтанышы, есімі елге белгілі іскер басшы  Иван Адамович Сауер­мен дидарласып, оның  аңызға бергісіз даңқ пен дақпыртқа бергісіз өнегелі өмі­рін боямасыз баяндап, үлкен өмірге қанат қаққалы отырған өскелең ұрпаққа үлгі етсек деген ізгі ниетпен келеміз. Жол бойы әр нәрсенің басын бір шалып отырғанда, жасыл желекке жамылған ауылға келіп те қалдық. Антикалық Афинаның бағандары көк тіреген сарайларын есіне түсі­ре­тін салтанаты жарасқан ауыл кең­се­сіне келіп атбасын тіредік. Қабылдау бөлмесінде ешкім жоқ. Басшы өз ор­нында екен. Есіктен имене атта­ған бізді аршындай басып келіп, күлім­сіреп қолымызды алғанда, қалай қабылдар екен? деген күдік  толы қорқыныш лезде ғайып болды. Бейнебір сыралғы жандардай әңгіме тиегін ағыттық.

    • web_redaktor:

      Құрметті оқырман, сіз айтқан және біздің мақаланың жанры бір. Ол — жолсапар очеркі. Бұл автордың сапар кезіндегі оқиға немесе кездесулерінің суреттелуі. Сондықтан, баяндалуының ұқсас болуы заңдылық. Бірақ, көтеріп отырған тақырыптары басқа.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

↓