2-айналымның 1-жұбы (ЖАҢАРТЫЛДЫ)

Ұқсас мақалалар...

13 Responses

  1. Ерлан:

    Айтыс жақсы басталыпты. Байбатыр ақын айтқандай шыныменде қарсыласы айтысқа емес ұрысқа берекесі бар сынайлы

  2. Берік:

    Екінші айналымның жыр додасы да басталды. Торғайлық ақын əдемі сөз сапатасымен ерекшеленіп отыр. Ал қарсыласында сəл кемшілік бар. Қойған сауалдан жалтарып, қарсыласына жағымсыз қылық көрсеткендей. Торғайлық ақын алға.

  3. Роза:

    Торғайлық ақын мықты. Қарсыласы жас бала ау деймін. Айтыс бастасымен жағасына жармасыпты. Қазір жастар үлкен сыйлаудан қалған. 

  4. Елжас:

    Жазба айтыста төселген ақындар бар екен. Абылай. Нұқанат. Мамай сынды. Солардың бірі торғайлық ақын Байбатыр.  Бұл азамат Торғайдың намысын қорғап додаларда топ жарып жүрген ақын. Бұл айтыста да айқын басымдылық байқалып тұр. Қарсыласыеың əлі тəжірибесі аз секілді. Ұтымды ой айтудың орнына жағаласып, шапшып тұр екен. Меніңше жанкелдиндік ақын басым.

    • Балтасар:

      Байбатыр аға тіс қаққан жыр дүлейі ғой.Сөзі қарсыластан басымдау.Алға Байеке жеңістің тұғырынан көрейік сені.Шап!  Алға! 

  5. Берік:

    Мен кешеден қарап отырмын. Шындығында қызық айтыс болып тұр. Айтысты бастаған торғайлық ақын жай ғана кезек берген еді арқалықтық өрен беттен алып шапши жөнелді. Екінші кезеңде торғайлық ақын намыстанып шабытын шақырып еді қарсыласы ыққандығын сездірмей бар кінəні соған арта салды. Бұл жас бала екі жүзді ақын екендігін абайсыз сездіріп қойды. Артын күтейік….

  6. Мамай:

    Байбатыр мен Еркінғазының  айтысы.Еркінғазы менің көз алдымда өскен ауылымның баласы. Болашағынан зор үміт күттіретін талантты  жас ақын. Байбатыр тәжірибелі сақа ақын.Бүйрегім ауылдың баласына бұрғанменен айқын басымдылық Байбатырда. Інілері айтарым үлкенмен айтысқанда бет жыртысып жағадан алу жеңіске жетелемейді.

     

  7. Жангелді:

    Жас-жас деп тия беру де керек емес. Сайып келгенде Мамай да, Байбатыр да однатипный ақындар ғой. Оны бәрі біледі. Шын дүлдүл болса, хотя бы облыстық айтыстан озу керек. Мына бала айтыстың талаптарын сақтап отыр. Торғай бәрімізге ыстық. Бірақ  бұл айтыста Есірдің жолы боп тұр. Әділдік болса,  осы бала өтуі керек. 

  8. Берік:

    Сізде айтады екенсіз. Немесе сол ақын бала  осылай жаз деп ұсыныс айтты ма? Ал Мамай мен Байбатырға келетін болсақ олар талай мəрте жүлде алып жүрген ақындар. Айтыстан хабарыңыз жоқ екені осыдан белгілі. Айтыстың ережесін сақтап отыр дейсіз əлде сізде үлкендердің бетінен алатын ба едіңіз. Айтыс ұрыс емес ұтымды сөз сайысы. Меніңше торғайлық ақын жеңіске жетті. Қалғаны қазылардың еншісінде

  9. Асылбек.:

    Жас,кəрі деп бөлмеңдер.Жастар шығу керекқой,болашағынан үміт күттіретін.Жастардың туын жықпай мүмкіндік беріңдер.Жас деп жасқамаңдар жазба айтыстағы жастарды

  10. Алдаберген:

    Байбатыр Ағамыздың қанжығасында

    Жеңіс

  11. Ерік:

    Байбатыр деген ақын бастаған екен ұйқасы кедір-бұдыр шоқалаққа соқтыққандай басын оқығанда берекең қашып кетеді екен.Еркінғазы баланың өлеңі ықшамды, ойы орамды екені анық сезіледі. Əрине сөз ұғатын адамға.

  12. Қайнар:

    Расында да Байбатыр ақын тəжірибелі болса,

    Ысырғандар

    Ысылғандар

    Тұщынғандар

    Шошынбаңдар

    Ұсынғандар

    Не ұйқас?… өлеңнің берекесін кетірген-ақ екен. Əдебиет теориясынан бейхабарлық қой бұл.

Добавить комментарий для Мамай Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован.

↓