42 жылдан кейін жарыққа шыққан ән (ҮНТАСПА)

БакирБелгілі ақын, драматург, әнші, сазгер Бәкір Тәжібаев 1976 жылы Қостанай өңіріне келіп, Әулиекөл ауданының Қазанбасы елдімекенінде бірнеше күн аялдапты. Қазанбасы кеңшарының сол кездегі директоры, бүгінгі ел ақсақалы Мырзағали қажы Ғабдуллиннің шаңырағында болып, өзінің және халық әндері мен халық композиторларының біраз шығармаларын орындаған екен. Ол әндерді Мырзағали ағамыз таспаға жазып алып, бүгінге дейін сақтап келеді.
Бір қызығы, сол туындылардың арасында 1976 жылы шығарған «Қостанай» әні де бар. Бұл әннің ол заманда жарқ етіп жария болмауының себебі де жоқ емес. Шығарма арасында Ыбырай бабамызбен қатар, атақты механизатор, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның да есімі аталады. Әрине, тірі адамның аты аталғасын, ән де кең тарай қоймаған болу керек деген ойдамыз.
Бәкір Тәжібаевтың домбырамен сүйемелдеп орындаған «Қостанай» әнін арада 42 жыл өткеннен кейін назарыңызға ұсынбақпыз, қадірлі оқырман!    
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓