15 саяжай үйі өртенді

Қостанай облысының өрт сөндірушілері саяжайлардағы өртті сөндіруде. Тілсіз жауды ауыздықтауға 90 өрт сөндіруші жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.Пожарррр
Саяжайлар қаладан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өртті сөндіруге жел қиындық келтіруде.
«16.50-де Қостанай қаласынан 18 шақырым жерде («Костанай-Рудный көлік жолы») «Монтажник» саяжай қоғамы аумағында құрғақ шөп өртеніп, жалын көршілес «Дархан-2» саяжай аумағына ауысқан. Жылдамдығы 15 м/с жеткен желдің салдарынан жалын 15 адам тұрмайтын саяжайды шарпыған («Монтажник» — 13 саяжай, «Дархан-2-де» — 2 саяжай).
Өрт сөндірушілер жалынды 20.51- де ауыздықтады.
"Қазіргі уақытта  өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", — делінген ТЖК хабарламасында. Алдын ала деректерге қарағанда, жалын 2,5 гектар жерді шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 90 өрт сөндіруші және 15 техника жұмылдырылды.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓