Рамиль Шарыгин «Қостанай қыраны» атанды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Қостанай» спорт кешенінде қазақ күресінен  Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қостанай қыраны» облыстық іріктеу турнирі мәреге жетті. Бұл мәртебелі жарыс биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін аудан, қалалардың  палуандары өз өңірлерінде іріктеу турнирін өткізген-тұғын. Сонда жеңіп шыққан бозкілем шеберлері финалдық кездесуге жиналды. Олардың арасында олқысы жоқ. Шетінен «Сен тұр, мен атайын» дейтін саңлақтар. Екі күнге созылған додада палуандар сегіз салмақ дәрежесі бойынша белдесті.IMG_5316
 
IMG_5412
IMG_5219Мәселен, 55 келі салмақта қостанайлық Әлішер Мұхамеджанов турнир чемпионы атанды. 60 келіде Мылтықбай Әбдуайтовтың бағы жанды. 66 келіде кілемге шыққан арқалықтық Ақжол Қазымбек те ешкімге есе жібермеді. 74 келіде сынға түскен жанкелдиндік Руслан Ибраев та өз қарсыластарын тегіс тізе бүктірді. 82 келі де Арқалықтың намысын жыртқан Нұрсұлтан Сәлімжанов турнир жеңімпазы атанса, 90 келі салмақта Алтынсарин ауданының палуаны Берік Таласовқа тең келер қалсылас табылмады. 100 келі салмақта тағы бір алтынсариндік Темірлан Сапаров жеңімпаз деп танылды. Ал, 100 келіден жоғары, аса ауыр салмақта арқалықтық Ғабит Балғынбаев жеңіске жетті.IMG_5364
 
IMG_5498
IMG_5460
IMG_5562Әдетте, қазақ күресінің ең қызығы – «түйе палуандық» бәсеке екендігі белгілі. Абсолюттік сынға 30-ға тарта палуан жазылыпты. Олар үш сағат бойы өзара белдесіп, жеңгендері келесі айналымға шықты. Тартысты өткен жарыстың финалында қазақ күресінен Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Рамиль Шарыгин мен бірнеше мәрте ел чемпионы, спорт шебері Темірлан Сапаровтың жолы түйісті. Жанкүйерлердің қызу қолдауына ие болған финалдық кездесу Рамиль Шарыгиннің пайдасына шешілді. Темірлан Сапаров екінші орынға ие болды. IMG_5249
IMG_5373
IMG_5478
IMG_5308
IMG_5301
IMG_5510
Енді осы екі палуан облыс намысын республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде қорғайтын болады.IMG_5683
 
IMG_5601
IMG_5551Жеңімпаздарды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. Ол өз сөзінде Тобыл-Торғай өңірінде қазақ күресінің бәсі жоғары екендігін атап өтті.IMG_5731
-Біздің облыста небір талантты спортшылар бар. Әсіресе, ұлттық күрес жыл озған сайын қарқынды дамып келеді. Оған бүгін біз мен сіздер куә болдыңыздар. Қостанай топырағынан әлі талай палуандар өсіп шығатынына мен кәміл сенемін. Өйткені, облыста спортқа, оның ішінде ұлттық спортты дамытуға ерекше ден қойылып келеді,-деді облыс басшысы.IMG_5741
 
IMG_5766
IMG_5827
IMG_5800Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓