ҚХА-ның XXVI сессиясы өтеді

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.20170426153546-900x_
Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі Мемлекет басшысының 2018 жылдың ақпанында жарияланған 5 әлеуметтік бастамасын талқылау болып отыр.
XXVI сессияға жалпы алғанда 1,5 мыңнан астам адам қатысады. ҚХА-ның «Ортақ шаңырағымыздағы бейбітшілік пен келісім үшін» атты ең алғашқы сессиясы ұйымды құру бағытында болған және ол 1995 жылы ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, барлығы 25 сессия өткізіліп, олардың барлығында қоғам үшін маңызы зор мәселелер талқыланды.
2018 жылдың 1-тоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстанда 29 республикалық, 75 өңірлік және 530 жергілікті тіркелген этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Жалпы ел бойынша этномәдени бірлестіктердің саны – 1071.
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓