«Өнер барысының» өнегесі  көпке үлгі

4 мамыр күні Қостанайда тұңғыш рет мәдениет, өнер саласында жүрген азаматтар арасында «Өнер барысы» турнирі өтпек. Жарыс қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылып отыр. Облыстық мәдениет және спорт басқармаларының қолдауымен өткелі отырған турнирге 30-дан астам әуесқой палуан тіркелген.IMG_2699
Жарыстан түскен қаржы Торғай селосының кішкентай тұрғыны Ақерке Жексенбайға көп функциалы есту аппаратын сатып алу үшін жұмсалмақ. Сегіз жастағы қыз бала бүгінде Қостанай қаласындағы арнайы мектеп-интернатта оқиды. Мұғалімдерінің айтуынша, Ақерке өте алғыр, зерек оқушы көрінеді. Өз бетімен сөйлегісі келеді. Бірақ, есту қабілеті нашар болғандықтан, сөздерді дұрыс айта алмайды. Маңайындағылардың не деп жатқанын еріннің қимылы арқылы ажыратады.акерке
Ақеркенің отбасында өзінен бөлек бес бала бар. Үйде  анасы ғана тұрақты жұмыс істейді, әкесі тек маусымдық жұмыстармен шектелуге мәжбүр. Сондықтан, олардың қымбат қондырғы сатып алатын мүмкіндіктері жоқ.IMG_2720
-Бұл жарысқа, былайша айтқанда Қостанайдың  кілең «сал-серілері» қатысады. Олардың көбі кезінде спортпен, оның ішінде күреспен айналысқан жігіттер. Қазірдің өзінде отыз екі палуанды тізімге қосып отырмыз. Турнирді ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге тырыстық. Өйткені, бұл жай ғана жарыс емес, қайырымдылық мақсатта өткізіліп отырған  шара. Сондықтан, қолымыздан келгенше көмек қолымызды созамыз. Өнерлі азаматтардың өткізгелі отырған өнегелі турнирінен барша  қостанайлықтар да бей-жай қалмайды ғой деп ойлаймын,-дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов журналистермен өткен баспасөз мәслихатында.IMG_2721
IMG_2788
Айта кетейік, елге танымал жас әншілер АМРЕ (Ернар Садырбай), "МузАрт Live" жобасының жеңімпазы Серікболсын Кішкенбаевтар турнир қонағы ретінде өнер көрсетеді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓