Кәсіподақтар жастарды қолдайды

 ҚР кәсіподақтар федерациясының  жаңадан тағайындалған төрағасы Бақытжан Әбдірайым бастаған бір топ делегация Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-інде болып, отандық автоөндірістің жай-күйімен танысты. Зауыт басшылығы мәртебелі меймандарға кәсіпорынның тыныс-тіршілігі туралы кең мағлұмат берді.IMG_6693
      
IMG_6757
IMG_6784Кәсіпорын директоры Сырым Семейбаевтың айтуынша, «СарарқаАвтоПром» серіктестігі – JAC, Peugeot, Ssang Yong, IVECO, ANKAI, Hyundai, Ravon тәрізді бүкіләлемдік брендке айналған көліктерді құрастырады. Бүгінде Қостанайда шығарылған жеңіл көліктерге сұраныс жоғары. Сондықтан, еліміздің барлық өңірінде алпауыт кәсіпорынның дилерлік орталықтары жұмыс істейді.IMG_6934
       Өндіріс ошағында ешқандай маман тапшылығы жоқ. Мұнда жұмыс істейтіндердің дені жастар. Зауыт басшылығы кадрлар мәселесін қайта даярлау, дуалдық оқыту жүйесі арқылы шешіп отыр. Мәселен, 2015-2017 жылдар аралығында кәсіпорын тарапынан 3 225 адам оқып алған. Кәсіби мамандарды даярлауға 28,5 млн теңге бөлініпті. Сондай-ақ, 250-дей жас маман Италия, Германия, Корея тәрізді машина өндірісі қарқынды дамыған елдерде оқып, тәжірбие алмасып келіпті. Бұл мақсатқа да 27,5 млн теңге жұмсалған. Жалпы, кәсіпорын мамандар даярлау ісіне бей-жай қарамайды. Өйткені, отандық көлік өндірісінің болашағы зор. Жылма-жыл әлеуеті артып келе жатқан кәсіпорынға білікті, кәсіби мамандар қажет екендігі белгілі. Сондықтан, зауыт басшылығы шетелдер мен еліміздегі жоғарғы, орта кәсіби білім беретін оқу орындарымен елу шақты келісім-шарт жасасқан.IMG_6990
        -Кәсіподақ ұйымдары қарапайым жұмысшылардың барлық құқығын қорғайды. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізбек. Әсіресе, жас мамандарға ерекше қамқорлық танытуды көздейді. Өйткені, жастар – қашанда жаңашылық істердің жаршысы.Оның үстіне қазір жаңа технологиялар заманы. Мұның бәрін осы жастар игереді. Бүгін зауытта жұмыс істейтін алты баланың анасымен таныстық. Өзі жап-жас. Жақында облыс әкімінің қолынан «Күміс алқа» медалін алыпты. Біз федерация тарапынан оған 300 мың теңге сыйақы бердік.Осындай жастарды үнемі қолдап отыру біздің ортақ парызымыз,-деді ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан  Әбдірайым.IMG_6725
         «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-інде 800-ден астам адам жұмыс істесе, соның сексені зауыт кәсіподақтар ұйымына мүше. Оны 24 жастағы дәнекерлеуші Дмитрий Парфенов басқарады. Кәсіподақ ұйымы серіктестік басшылығымен екі жақты ұжымдық келісім-шартқа қол қойды. Осы арқылы  өндіріс ошағы кәсіподақ ұйымының қатарын молайтуды көздеп отыр.
  
 Әлібек ЫБЫРАЙ   
Суреттерді  түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓