Алғашқы алтынның орны бөлек

Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстанның қысқы спорт тарихында тұңғыш рет чемпион атанған Александр Колядин елге оралды. Бүгін оның жерлестері Қостанай әуежайына жиналып, ыстық ықыласпен күтіп алды.  Жеңімпазды қарсы алуға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев, қала әкімі Базыл Жақыпов және Сарыкөл ауданының әкімі Эльдар Күзенбаев келді.IMG_6632
IMG_6649
IMG_66511,5 шақырымдық қашықтықта алдына жан салмай тұғыр төрінен көрінген паралимпиадашыға лайықты құрмет көрсетілді. Ол өзінің жерлестері, сарыкөлдіктерді көріп қатты қуанды.IMG_6706
IMG_6789-Шынымды айтсам, ауылдастарымды көргеніме қуаныштымын, мен оқитын колледж ұжымына көп рахмет. Олар мені үнемі қолдап отырды,-дейді Паралимпида чемпионы.
IMG_6773
IMG_6784Әуежайға жиналған жанкүйерлер Колядинді сұрақтың астына алды. Әсіресе, жас жеткіншектер жарыстағы әрбір сәтті жеке-жеке сұрап жатты. Сан мың сұраққа чемпион әдетінше асықпай, қарапайым қалпынан танбай жауап берді.IMG_6824-Жарыс алдында ешқандай қобалжу болмады, мен бұған дейін паралимпида ойындарына қатысқан болатынмын. Ал жеңіске жеткенде толқығаным рас, өйткені, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы «алтын» медалі еді бұл. Еліңнің туы бәрінен биік тұрса, қуанасың, мақтаныш сезімі кернейді. Бұл – ерен еңбектің жемісі. Бірақ, осы жеңісті елеп, осындай құрмет көрсетіп жатқан адамдарға мың алғыс, біз әлі де биік шыңдарды бағындырамыз,-деді ол өз сөзінде.IMG_687345 жастағы атлет осы уақытқа дейін бірнеше халықаралық додаларда жүлде алып жүрген. Алайда, осы жолғы жетістігі таңдай қақтырды. Жарыс жолында баяу келе жатқан ол дәл мәрге жетер тұста өз қарсыластарынан озып түсті. Паралимпиадада топ жарған Александр Колядинге енді өзіне тиесілі 250 мың доллар сыйақы табысталды. Сондай-ақ, бүгін «Мирас» мәдениет үйінде Қостанай облысы атынан спортшыға жаңа пәтердің кілті берілмек. Оған өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қатысады.IMG_7002
IMG_7034Александр алдағы жоспарларымен де бөлісті. Ол енді әлем чемпионы атануды көздейді екен.
-Сәл тынығып алған соң қайта жаттығуларға кірісемін. Мақсат – әлем чемпионы атану. Сәтін салса, келесі Паралимпиада ойындарына қатысармын,-деп отыр спортшы.
Жанкүйерлермен аз-кем әңгімелескен соң естелік суретке түсіп қоштасты.
 
Суреттерді тсүірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓