Қарабалық қарақұмықты қолға алды

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қарабалық ауданына барды. Ол Тоғызақ ауылындағы қарақұмқ өндіретін цехтың құрылысымен танысты. Мұнда әзірше құрылыс жұмыстары баяу. Бірақ, іс алға басса, көлкөсір пайда әкелмек. "СеверАгроПродукт" ЖШС басшысының орынбасары Хамит Дихаевтың айтуынша, келешекте цехта біршама жұмыс орны ашылып, жергілікті бюджетке мол қаражат түспек және Ресейдің көршілес жатқан облыстарына экспортқа шығу жоспарда бар.c3b0e0c1-43cd-4a54-882f-ce8c91975084Жоба құны — 670 млн теңге. Кәсіпкерлер өз қалтасынан құрылыс маңын қоршап, цехтың тең жартысын көтеріп қойған. Қажетті жабдықтар құны — 400 млн теңге. Сондай-ақ, мұнда табиғи газ да бар. Дәл қазір цех құрылысы жер телімін беру және жобалық-сметалық құжаттарына өзгерістер енгізуге байланысты тоқтап тұр. 1aebd7f9-c760-46aa-9aa3-358421d19ed6
-Ағымдағы жылы аяқтап үлгермейсіздер. Асығыстық қажет емес, ең әуелі сапасына мән беріңіздер. Сондықтан, асықпай алдағы 2019 жылы аяқтаңыздар,-деді өңір басшысы.
Бұдан соң облыс әкімі осы Тоғызақ ауылына көгілдір отын желілерін тарту жұмыстарын бақылап қайтты. Ауылдағы үш жүз үйдің елуі табиғи газға қосылған, қалған көшелерге алдағы уақытта жеткізілетін болады. 888b9c51-3dc7-4db4-9f7f-5c217a075b87
Ал аудан орталығындағы "Трапеза" наубайханасының жұмысы қарқынды. Олар жыл сайын 1703 тонна өнім шығарады. Әзірге мұнда 30 адам жұмыс істейді, алдағы уақытта жұмысшы санын көбейтпек. Нан пісірурге қажетті техниканы Ресей, Түркия, Италия елдерінен әкелген. Сәйкесінше нанның түр-түрі бар. Сондай-ақ, наубайхана тәтті тоқаштар, торттар және тұшпара да жасайды. 2010-2017 жылдар аралығында 68 млн теңге көлемінде инвестиция құйылса, биылғы жылға 12 млн теңге қаржы бөлінген. 3e851583-6a5a-46af-9207-842eb71d1421
6c1234d0-0749-47b4-8831-72b20b902588-Тек біздің облыста ғана емес, өзге де өңірлерге және көршілес Ресейге де шығу керек. Сонымен қатар, дәстүрлі тағам өнімдері, яғни жайма нанын жасауды қолға алыңыздар,-деді Архимед Мұхамбетов.
147c25e4-1c75-45cc-9e2c-4a38b20863d6
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ,
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓