Бейнебақылау мектепке не үшін керек?

"Еңбекақысына қосылған ешқандай да үстеме мұғалімдер жұмыс барысында мойнымен көтеретін ауыртпалық пен күйзелістің өтеуі бола алмайды", — дейді халық қалаулылары. Бұл туралы Informburo.kz тілшісі жазады.video_school2
Депутат Шәкір Хахазовтың айтуынша, бүгіндері қазақстандық мұғалімнің моральдық, материалдық, психологиялық және заңи тұрғыда құқықтары қорғалмаған. Ол Мәжілістегі пленарлық отырыста премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа арнайы сауалымен жүгінді.
"Кез келген оқушы мұғалімді дауыс көтерді, қол жұмсады және тіпті сексуалды мінездегі әрекетке барды деп айыптап, аяғынан шалып, жұмысына кедергі жасай алады. Әрбір оқушы мұғалімнің әбден ашынған, психологиялық "жарылысқа" барған сәтін смартфонының бейнекамерасына түсіріп ала алады. Ең сорақысы, олар таспаға өздерінің оқытушыны ашулануға дейін апарған кездерін жазбайды. Мүмкін, мұндай жағдайда мұғалімдер өздерін қорғай алулары үшін мектеп дәліздерін және сынып бөлмелерін бейнебақылау құрылғыларымен жабдықтайтын кез келген шығар?" — деп сауал жолдады депутат.
Сондай-ақ, ол Білім және ғылым министрлігі күн сайын құбылтып жатқан жаңашылдықтар да мұғалімдердің мойнындағы ауыртпалығын геометриялық прогрессия түрінде ұлғайтып келе жатқанын айта өтті. "Еңбекақысына қосылған ешқандай да үстеме мұғалімдер жұмыс барысында төзіммен көтеретін жүк пен күйзелістің өтеуі бола алмайды", — деп толықтырды депутат.хахазов"Тіпті мұғалімдерің ұлғайтылған айлығы да салмағы күннен-күнге артқан кәсіби ауыртпалықпен шамаласпайды, — деді Ш.Хахазов. — Мұның бәрін былай қойғанда, дамылсыз аттестациялар тапсыру сынды шытырмандарды есепке алсақ, олардың еңбекақысы лайықты деңгейде деп айтуға әлі ерте. Білім беру саласы қызметкерлерінің айлығы елдегі ең төмен жалақылы мамандықтардың қатарында. Оның сыртында, жоғарыда аталған әбігердің бәрі қағазбастылық пен бітіп болмайтын аттестацияны айналып өтпейді. Осының барлығы педагогтардың балаларымызға сапалы білім беру ынтасының жоғалуына әкеле жатыр!"кагазбастылыкОның ақпаратынша, қазіргі таңда Қазақстанда 200 мың педагог жетіспейді. Сондықтан, егер мұғалім мәртебесі көтерілмесе және білім беру саласын тәртіпке келтірмесе, кадрден қадір кетіп, маман тапшылығы өсе ғана бермек.
Сонымен қатар, депутат сауалына білім саласындағы жаңа модельге көшу барысындағы алаңдаушылық тудыратын тенденция да себеп болды. Оның пікірінше, оқушылардың пәндік білімін қалыптастыру есепке алынбай отыр. 
"Ал бұл дегеніміз – БҒМ ресми жариялаған функциялық сауаттылық туралы идея аса күдікті деген сөз. Ата-аналардың өзі жаңа бағдарлама жайында бірауыздан "Балаларымыздың болашағы үшін қорқамыз!" деген кері пікір қалыптастырып үлгерді. Ата-ана мен балаларды былай қояйық, мұғалімдердің өзі жаңа балдық жүйені түсіне алар емес. Тоқсан бойы оқушының барлық еңбегі бағаланбайды, ол тоқсан аяғындағы жиынтық баға үшін дайындалады. Бірақ ол қандай бағытта екенін, өзінің әлсіз тұстарын біле алмайды, өйткені бағалаудың жаңа жүйесінде кері байланыс қарастырылмаған. Бұл қазірден-ақ  оқу сапасына сорақы соққы болуда", — деді Шәкір Хахазов.
Ол мұғалім мен оқушының кері байланыс жасауын әлбетте оңтайландыратын кез келгенін айтады. Оқушының әр сабақ сайынғы жұмысының нәтижесін тиянақтап отырмайынша, мұғалім өз жұмысын тиімді ете алмайды, әр баланың үлгірімімен жекелей айналысуы да мүмкін емес.    
Депутат салаға қажетті мынадай ұсыныстар тізімін жасады:
— оқу сағаттарының санын қысқарту;
— мұғалімдердің еңбекақысын кезең-кезеңімен өсіру;
— білім берудің жаңартылған бағдарламасын қайта қарау;
— даулы оқулықтардың мазмұнын түзету;
— мұғалімдердің құқықтық және психологиялық қорғалуына барлық жағдайларды жасау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓