Күнбағыстың 4 сұрпы пайда болды

Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты қызметкерлері соңғы жылдары күнбағыстың 4 сұрыпын шығарған, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.podsolnechnikЖаңа тұқым түрлерінің ерекшелігі теріскей өңірдің табиғатына бейімделген, әрі өнімділігі де жоғары. Тез пісіп-жетіледі, топырақ құнарын да бірқалыпта сақтайды.
Егер дақылдың өзге түрін сұрыптауға 5 жыл жеткілікті болса, күнбағыстың тұқымына екі есе көп уақыт кетеді. Әрбір жаңа сорт – ғылыми қызметкерлердің көз майын тауысқан ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. Тұқым түрін шығарудағы мақсат – өнімділікті арттыру. Бұл бағыттағы ізденіс тоқтаған емес.
– Ғылыми  институтта сорттарды шығарып жатырмыз, бірінші бізде болған – «Заречное» деген сорт, оның да өнімділігі 29 центнер болды бір гектардан. Одан кейін «Рауан» деген шемішке шығардық. Оның да өнімділігі 27-29-ға дейін.  Және де «Сары» деген сорт шығардық, оның да өнімділігі 47-ден 49 центнерге дейін, — дейді Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері Зибагүл Ағыбаева.
Соңғы он жылда Қостанай облысында майлы дақыл танаптарының көлемі 16 есеге ұлғайған. Сол арқылы өңірде өңдеу нысандары көбейді.
«Біз топырақ құнарын сақтай отырып, экологиялық таза өніммен экспортты жаулауымыз керек. Бұл – Президент Жолдауында айтылған міндет. Ғылыми ізденістер алқаптарды әртараптандыру саясатымен ұштасып жатыр», – дейді институт қызметкерлері.
– Майлы дақылдардан шығарылған сорттар республикалық мемлекеттік тіркеуге кетті. Одан қалды өсірудің екі технологиясы органикалық технологиялар патентке беріліп, ол да мемлекеттің назарында, тіркеуіне алынып отыр. Сондықтан ол өзі біраз жылғы еңбектің нәтижесінің көрініп келе жатқаны, — Қостанай ауыл шаруашылығы ҒЗИ бас директоры Нәбидолла Кикебаев.
Бүгінде қостанайлықтар қолданысқа енгізген нөлдік технология тәсілімен елімізде 1,5 млн гектар алқапқа дән себіледі. Өңір ғалымдары шығарған майлы дақыл тұқымдары мен көкөніс түрлеріне шаруашылықтар тарапынан сұранысқа ие бола бастаған. Институт қызметкерлері өткен жылы 4 жаңа тұқым түріне авторлық құқық иеленсе, тағы бес өтініш қаралу үстінде.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓