Басымдық – білім сапасына (ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ)

Ұқсас мақалалар...

10 Responses

  1. Асыл Уралбаева:
     
    Ұстаз беделі арта түспек
     
    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында мұғалім мамандығының беделін арттыру және білім беру жүйесінің барлық деңгейі заманауи өзгерістер мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиістігін атап өтті.
    Елбасының бұл мәлімдемесі, әсіресе, ұстаздар қауымын елең еткізіп, оларға зор қуаныш сыйлады.
    Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақ беретін ұстаздардың жалақылары біліктіліктеріне қарай 30-дан 50 пайызға дейін өсетінін мәлімдеді.
    Ұлт Көшбасшысының бұл жолдауын Қостанайдың ұстаздары да қолдаймыз. Мемлекет болашағын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын мұғалімдер қауымына ерекше басымдық беруі Елбасының асқан көрегенділігі. Бұл жолдау Қазақстандағы білім саласына үлкен серпіліс береді, оқытушылардың беделі артады. Ұстазға құрмет күшеймек.
    Осылайша, еліміз бойынша білім беру саласында жұмыс істегісі келетін жастар қатары көбейеді. Ұстаз тұрмысы дұрысталса, ол өз жұмысын алаңсыз, бар жан-тәнімен беріліп істейтін болады. Біз, ұстаздар, ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, маңдай терімізді төгіп келеміз. Тынымсыз еңбек өз жемісін беру керек.
    Елбасы бұл Жолдауында тек мұғалімдердің жалақысын арттырып қана қоймай, жалпы білім саласына ілгерлету, жаңашылдық енгізгелі отыр. Біз өскелең ұрпақты заманауи техника тілін меңгеретіндей етіп, бәсекелестікке бейімдеуіміз керек.
    Президент өз сөзінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанын айтты. Осыған сай, Қазақстандағы білім және ғылым да жаңашылдыққа бет бұру қажет. Бұл кезең ұстаздар үшін өте жауапты кезең болмақ. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
    Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 нақты қадам — Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. Осының бәрін қазақстандық балалардың бойына сіңіру біз үшін – парыз.
    Сапалы білім тек орта мектептерде ғана емес, балабақшадан бастап берілуі тиіс. Бүлдіршіндер жастайынан оқуға икемденіп, олардың қабілетін, ынтасын аша түсу маңызды. Сондықтан білім беру саласында еңбек ететін әрбір ұстаз Елбасы артқан сенімді сезініп, жауапкершілікпен қарау керек.
     
    Асыл Уралбаева,
    Қостанай қаласы, №13 «Ақбота» бөбекжай
    балабақшасының директоры.
  2. Сабина Ақылбекқызы, Физика-математикалық лицей оқытушысы:

    Елбасы биылғы жолдауында көп дүниені қамтыды. Әсіресе, әлемдік технология қарышты дамып, жұрт білім мен ғылымға ден қойған заманда қазақстандықтардың "көштен" қалмауына көп көңіл бөлу керектігін ескертті. Ол үшін білім беру саласын түрлендіріп, оқушыларды жаңа бағдаралмамен оқытуды ұсынды. Жұмысты жемісті жүргізу мақсатында жаңа талапқа сай оқытудан өткен ұстаздардың еңбек ақысын 30-50 пайызға дейін көтеру керектігін айтты. Мұндай қадам жаңа оқу жүйесіне бет бұрғандарды ынталандырары сөзсіз. Осы арада анықтап алар бір мәселе бар. Жалақы заман талабына сай оқытудан өткендерге көтеріледі ме, әлде осы бағытта жұмыс істеп жатқандарға бұйырады ма? Бағдарламалық оқытудан өту үшін не істеу керек?

    • Игісінова Айман Шәймерденқызы:

      Құрметті Сабина Ақылбекқызы! Елбасының Жолдауында айтылған мұғалімдердің жалақысын көтеру биылғы жылдан бастап енгізілмек. Осы күнге дейін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілік арттыру курстарынан өткен және биылғы жылы 1, 2, 5, 7 сыныптарда оқыту жүргізетін педагогтер үшін жалақылары көтеріледі.  Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстардан өту үшін Сіздің мектеп курстарға қатысуға ниет білдірген педагогтердің тізімі көрсетілген ұсынысты тиісті  білім бөліміне  тапсыруы қажет. Алдағы, яғни 2018-2019 оқу жылында, жаңартылған білім беру мазмұнына 3, 6, 8 сыныптар қөшетінін есіңізге саламыз. 

      Игісінова Айман Шәймерденқызы, 

      Қостанай облыстық білім басқармасы, бөлім басшысы

  3. ЖАНҰЗАҚ АЯЗБЕКОВ- "ҚОСТАНАЙ ТАҢЫ" ГАЗЕТІНІҢ бАС РЕДАКТОРЫ:

    Біз алапат ақпарат тасқыны заманында өмір сүріп отырмыз.Еңбектеген баладан,еңкейген қарттарымызға дейін смартфонның "тілін" білетін болды.Алайда ең бір қауіпті нәрсе — осы тасқынның жетегінде кетіп, өмірдегі мақсат-мүдден айрылып қалмау.  Сондықтан  жас ұрпаққа  ой-өрісін кеңейтіп, дұрыс-бағыт -бағдар сілтейтін,адамгершілік асыл қасиеттерге баулитын ұстаздардың біліктілігі  аса маңызды. Оқытушының біліктілігі-оқушы тағдыры. Елбасының меңзеп айтып отырғаны, жасаған қамқорлығы осыған байланысты. Меніңше қазіргі мұғалім оқушыдан анағұрлым ілгері тұру керек. Әсіресе ана тілін үйретуде маңдай терлете жұмыс істесе нұр үстіне нұр. Өйткені қазақ тіліне  уызынан жарыған бала білімге де ынтазар, адамгершілік қасиеттерді игеруге де құштар болады.Содан барып бәсекеге қабілеті күшейеді.Жаңартылған мазмұнның өзегі осында жатыр. Жүктемені азайтып, сапаға басты назар аударып, нақты нәтижеге қол жеткізу маңызды.

  4. Нургуль Какимжанова:

    Астана қаласы, ҚР БҒМ Қаржы академиясының аға оқытушысы з.ғ.м. Какимжанова Нургуль  Төкенқызы.
    Елбасының 2018 жылға арналған жолдауында атап көрсеткен міндеттер бізге нақты бағыт бағдар беріп отыр.  «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты тармақтың негізгі міндеті, әсіресе білім берудің жаңартылған мазмұнының жаңа сапасы мен латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу қызу  талқыға алынғаны ерекше назарға түсуде.
    Білім жүйесінде жұмыс атқарғандықтан, мұғалімдердің еңбектері бағаланып, айлықақылары ұдайы көтерілетініне қуаныштымыз.Әрине, баспана мәселесі әр жас отбасы үшін өте маңызды. Ал Елбасының осы мәселеге үлкен маңыздылықпен қарап,  салынатын тұрғын үйлердің санын арттыруын көздеп отыр. Мектепке дейінгі білім жүйесінде де өзгерістер жоспарланып отыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында жаңа құжат қабылданып, ерте жас балаларының дамуына ерекше назар аударылмақ. Біздің міндетіміз жас ұрпаққа білім беру және тәрбиелеуде уақыт талабын лайықты қабыл алып, Қазақстандық білім жүйесіне өзіміздің үлесімізді қосу болып табылады. Елбасының халыққа арнаған Жолдауынан мақсатымыз анық, болашағымыз нұрлы, әл-ауқатымыз жақсы болады деген сенiмдемiн!

  5. Амиржанова Гульмира Хамиялқызы, Әулиекөл ауданы білім бөлімінің бас маманы:

    Елбасының 2018 жылғы жолдауы ұстаздар қауымын ерекше елең еткізді. Дегенмен, Сабина Ақылбекқызының қойған сұрағына толықтыру енгізсем бе деймін. Жалпы білім саласында қызмет жасайтын әдіскерлер мен мамандар жағдайы қалай болмақ және мектептерде лауазымды қоса атқаратын ұстаздардың жалақысы көтеріле ме?

    • Игісінова Айман Шәймерденқызы:

      Білім және ғылым министрлігі ұсынған жоба бойынша, мұғалімдердің біліктілігіне қарай және  жаңаша білім беру мазмұны бойынша біліктіліктерін көтеріп, қызмет жасайтын мұғалімдерге 30-50% аралығында көтеріледі. 

  6. Нұржамал Құлтаева, Әулиекөл ауданы білім бөлімінің бас маманы:

    "Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде…Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған.Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді."-деп Елбасы өз жолдауында ашық айтты.  Әрине бұл жағдай ойланарлықтай…бірақ осы жұмыстың басы -қасында тапжылмай еңбек ететін, ұстаздардың болашақ тәрбиелеудегі үлесі мол. Сондықтан, ұстаздардың жалақысын көтеру  уақтылы бағыт болды деп ойлаймын және де атам қазақ айтқандай "Көз қорқақ, қол батыр", болашақтың қамы үшін, Елбасының жолдауын, әсіресе тіл меңгеру жұмысын, бірауыздан, жұмыла жүзеге асырумыз қажет. 

  7. Алмасбек Әбсадық:

    Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары – мемлекеттің тыныс-тіршілігіне, қам-қарекетіне ерекше леп қосатын, дем беретін маңызды құжат ретінде әбден орнықты. Ол біздің мемлекетіміздің әрі қарай дамуы жолының бүгіні мен таяу алдағы болашағын айқындайды, тез өзгеріп жатқан әлемнің бет алысынан, қарқынынан туындайтын еліміз үшін аса қажетті міндеттерге назар аударады, қолға алатын жұмыстарға анық және нақты бағдар береді. Сондықтан да біздер әр жыл сайын ұлт көшбасшысының жолдауын асыға және тағатсыздана күтеміз.  Биылғы жылы да Президент өз Жолдауында дәуір тынысын дәл бағамдаған тұжырымын халыққа ұсынып, қазақстандықтардың алдында тұрған келелі мәселеге, дәуір құбылысына назар аудартты. Елбасы былай деді: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде».
    Осы орайда, Президент Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде адами ресурстарға, яғни  капиталға жүк артылатынын алға тартты. Адами капиталды дамытудың ең басты жолының бірі – білім. Білімді ел-жұрт қана ХХІ ғасырдың бәскелесіне шыдай алады. Әлем келбеті өте тез өзгеруде.  Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену үшін жаһандық сипат алған бәсекелестікке дайын болуымыз қажет. Сондықтан Жолдауда бәсекелестіктің негізгі тартысы жүретін инженерия, ақпараттық технология, ауыл шаруашылығының технологиясы сынды ғылымының салаларына  назар аудару қажеттегі айтылды. Бұл тұрғыда қазақстандықтардың үш тілді білуі маңызды деп есептейді Елбасы. Қазіргі таңда мектеп және жоғары білім жүйесінде үш тілділік мәселесі жүйелі түрде жүзеге асып жатыр. Біздер, білім саласының қызметкерлері, адами каппиталды дамытуға өз үлесімізді қосуға тиістіміз. Ол үшін ұстаздарға лайықты жалақы, биік әлеуметтік мәртебе қажет–ақ. Мемлекет басшысы мұғалімдердің жалақысы біліктілік белгілеріне қарай 30-50 % көтерілетінін айтты. Бұл үлкен, ауқымды істердің басы деп ойлаймыз. Жалғасы табылатынына сенім бар.

  8. 2018 жылдың басында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының азаматтарына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы үндеуін жеткізді. Мемлекет басшысы алдағы жылға арналған саясаттың негізгі бағыттарын қысқаша баяндап, республиканың қол жеткізген жетістіктерін, әсіресе әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайын да атап өтті. Ең бастысы — қайта өңдеу өнеркәсібі, ондағы шикізат бағытынан шығып, өңдеу өнеркәсібін дамыту экспорттың молаюына және де халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Елде қойылған міндеттерді шешу үшін Назарбаев Университеті, ХҚОА және IТ-стартаптардың халықаралық технологиялар паркі инновациялық орталықтарды құрды. Қазақстанның басымдықтарының бірі жаңартылатын энергия көздерін дамыту, мысалы, күн энергиясы; жел күші; судың гидродинамикалық энергиясы; геотермалдық энергия (топырақтың жылуы, жерасты сулары, өзендер мен су объектілері). Оларды дамыту үшін 15 жыл мерзімге ЖЭК нысандарына электр энергиясына арналған жеңілдікті бекітілген тарифтер белгіленеді және ЖЭК нысандарын салуға жер беру кезінде артықшылық беріледі. Қазақстан 2030 жылға қарай баламалы энергияның үлесін 30% -ға дейін арттыру міндетін қойды. Жыл сайын, президент және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту көліктік-логистикалық инфрақұрылым, мәселелерді тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту маңыздылығын атап көрсетеді. IPO ғана емес, олардың құнын барынша, сонымен қатар ашықтығы мен Астана халықаралық қаржы орталығы (ХҚОА) әзірлеу — IPO (компания акцияларының бірінші қоғамдық сату) қорларды жою арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ акцияларын кері қайтарып алу. Қазақстан, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті тұлғаны қалыптастыру туралы Қазақстан болашақта білім туралы халықтың, атап айтқанда жаңғырту, халқының — Келесі, хатта, Президент кез келген елдің, ең бастысы байлығы мен кез келген мемлекеттің безендіру негізі туралы айтты. Бұл әрекетті орындау үшін жүйелі оқу жоспарының мазмұны, тегін кәсіптік білім беру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, дінаралық және этносаралық келісімді нығайту қамтамасыз ету жаңарту, латын әліпбиіне көшу арқылы жүріп. Тиімді мемлекеттік басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, «ақылды қалалар» — бұл үш болашақ міндет, оның шешімі болашақта болады. Президент олар аймақтық дамудың қозғаушы күші болады, өйткені осы қалалардың негізінен, «Ақылды қала» таралуы Қазақстанда өтуі тиіс, шетелдік инвесторлар сатып алған болып табылады, өйткені «ақылды ұлт», «ақылды қала» қажет екенін атап өтті. Хабарламаның соңында әр ұлттың өз елін мақтан етуі үшін ұлттың табысты болу үшін бір ұлтқа бірігуі керек деп айтылды.

    Абенов Данияр, тарихы магистрі, ҚМПИ.

Добавить комментарий для Сабина Ақылбекқызы, Физика-математикалық лицей оқытушысы Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован.

↓