Талаптың аты арындап…

   Облыс орталығындағы Е.Өмірзақов атындағы филармонияда өңіріміздің республикалық, халықаралық, зияткерлік, шығармашылық, спорттық, пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауларында жеңімпаз атанған 9-11 сынып мектеп оқушыларын Тұңғыш Президет күнінде салтанатты түрде марапаттау «Триумф» рәсімі болып өтті. Салтанатқа облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.IMG_7117
 
IMG_7126
IMG_7147 -Мен төртінші сыныптан бері ғылыми жұмыстармен айналыстым десем болады. Ал, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына оқуға қабылданған соң, қатты ден қоя бастадым.  Осы ғылыми жұмыстарымның тақырыбы экономика саласындағы экология деп аталады.  Ұстазым Меңдігүл Зейнуллина  маған көп көмектесті деп айтқым келеді. Еңбектенуіміздің нәтижесінде 2016 жылы республикалық ғылыми жобалар байқауында  қола жүлдеге, ал биылғы жылы күміс жүлдеге ие болдым. Тұңғыш Президент күнінде осындай салтанатты марапаттау рәсіміне  алғаш рет қатысып отырмын, қуаныштымын, ризамын. Бүгінде елімізде жастардың жан-жақты білім алуларына барлық жағдай жасалған, сондықтан да еліміздің келешегі үшін жақсы білім алуымыз, еңбектенуіміз кере,-деді Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы  Елсияр Сартанова.IMG_7271
 
IMG_7413Салтанат аясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов  жеңімпаз оқушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді,  облысымызда,  республикамызда білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айта келіп, қазіргі кезде жастардың жан-жақты білім алуларына мемлекетімізде  зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.  Білімпаз оқушыларды Еңбек Ері Сайран Бұқанов және тағы да елімізге, шетелге танымал  облысымыздың бір топ  тұлғалары бейнекөрініс арқылы құттықтады, игі тілектерін айтты.IMG_7247
   
IMG_7254
IMG_7321
IMG_7136
IMG_7381Марапат салтанатында жеңімпаз оқушылармен қатар олардың осындай жетістіктерге жетулеріне жол салған ұстаздары да құттықтауларға ие болды.  Естелікке суретке түсті.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓