Жұқа мұз – жасырын қауіп

Өзен-көлдердің беті қата бастайтын мезгіл таяған шақта облыстық ТЖД мамандары халықты сақтыққа шақырып хабарландыру жариялады. Биыл жылдағыға қарағанда айдын бетінің қату процесі кешеуілдегені жасырын емес. Сондықтан, қыстың алғашқы айының өзі аса қауіпті болуы мүмкін. Сол себепті, тұрғындарға алдамшы мұз бетіне шықпауға кеңес беріледі. тонкий музЖалпы, қатқан мұздың беріктігін алдымен ойын балалары мен балықшылар байқайды. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметі желтоқсан айында мұз қабатының өте жұқа болатынын ескертеді. Сол себепті аяздың біржола түскеніне дейін мұз үстіне шығуға болмайды.
Қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келетінін еске салады. Судың қатқанына әбден көз жеткізіп, қалыңдығы мен қаттылығын анықтау қажет. Әсіресе, балық аулаушылар қауіпсіздік шараларын сақтауы керек.  Мұз  үстінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау – оқыс оқиғаға тап болмаудың басты жолы.
Төтенше жағдай туындағанда 112 телефонына хабарласу да ескертіледі.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓