Кәмшат Дөненбаева өмірден озды

Ұқсас мақалалар...

1 Жауап

  1. ӘБДІҚАДЫР ӘБДІРАЙЫМұлы ӘБІЛТАЕВ:

          … Құрметті  АҒАЙЫН!    Барша  қазақстандықтар!        … Марқұм  болған  КӘМШАТ АПАмыздың   қазасы  қайырлы  болсын…!!!   Иманы  жолдас  болып,  мәңгілік  мекені —  жұмақ  болсын!!!  Аллаһтағаланың  шапағат-нұрына  бөленсін?! — деген  тілекпен  қол  жайып,  ДҰҒАмызды  қайырдық…  Әмин!!!

            Кеңестік  дәуір  кезінде   менің  Отаным  — Аманкелді  ауданының   Иманов  атындағы  кеңшарында (совхоз дир. Әбжанов Сыздық ағай, партком секретарьлары: Әлмағамбетов Бөгетбай ағай, Жұманов Асекең,  сосын  …Қойшығұлов Молдаш ағай, Бекішев  Мырзамсейіт ағай,  Искаков Тұрғынбай ағайларымыз,  комсомол хатшылар: Әбділдин Көкен ағамыздан  (1965 жылдан бастап, 80-жылдар аралығында  талай-талай  керемет  қыз-жігіттер болды!)  осы  КӘМШАТ  апамыздың  бастама-үлгісімен  екеу-үшеуден,  механизатор, тракторшы, жүргізуші, токарь-слесарь, дәнекерлеуші  сияқты  ауылшаруашылығы  мамандықтарына  қысқа  курстарда оқып,  одан бірқатар  көрші  ауылдарда да қыз-келіншектер,  механизатор-жүргізушілікке  ие  болып,  имановтықтар  қозғалысына  үн  қосты.  "Сарыторғайда"  Ахметова  Қойсын  апамыз  керемет шофер  болды.  Аудан  басшылары  алғаш жүргізуші —қарлығаш-қызды  лайықты  бағалап, кейінгі  жастарға үлгі  етіп,  аукомсомолдың  екінші  хатшылығына  — қызметке  жоғарлатты.  Сол  заманда —  орыс  қызы  Валентина  Гаганова  мен қостанайлық  шошқа  өсіруші-қазақ  қызы ДӘМЕЛІ  Жақсылықованың   бастамалары да (мұсылман қызына доңыз бақтырған сол заман саясатының атасына нәлет!)  бүкіл  Қазақстан  бойынша  қыз-келіншектер  арасында  қатты   қарқын-қолдау  тапты.

             КӘМШАТ  апайдың   теңдессі  жоқ  еңбек  үлгісімен — менің  ғана   "ҮРПЕК"  —  туған  ауылымнан  шыққан  механизатор-жүргізуші,  техника  саласының 60-80 жылдардағы  майталман  мамандары:  танымал  болған  қыз-келіншектерді,  жас  аналарды  есіме  түсіріп  көрейінші:  МҰҚЫШЕВА Ханша,  НҰРҒАЛИЕВА Күлбәтира, БАИДИЕВА  Сандуғаш, ЖҮНІСОВА  Ақбөпе,  ЖҰМАБЕКОВА Күлзия, СМАҒҰЛОВА Аймантай,  СМАЙЫЛОВА Базаркүл,  ТӘЖІҒҰЛОВА Күлпатша, ОРАЛБАЕВА  Тұрсынай,  т.б. тізім  осыдан  кейінгі  жылдары  да  осылай жалғасып  кете береді.                                                                    Қазақ елінің батыр қызы, атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері,  СОКП XXV съезінің делегаты, IX сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты Дөненбаева Кәмшат  апа  Байғазықызының  аты-жөні  мен  түр-тұлғасы,  тәрбиелі әйел-отанасы  ретіндегі  бала  өсірген  аналық  мейірім—махаббаты,  еңбек  бастамасы  мен  ерен  ерлігі,  "К-700" сияқты  алып  тракторды  ұршықтай  үйіріп,  отыз  жылдан  аса  онымен  жер  жыртқаны,  астық  тасып,  Ел  байлығын  еселегені  үшін,  басқа  ұлттар  мен  бүкіл  Мәскеуден  бергі  елді  таң-тамаша  қалдырып,  ҚАЗАҚ  деген  ҰЛТ-ХАЛЫҚты  Әлемге  танытқаны   үшін  БІЗ — ҚАЗАҚ  ХАЛҚЫ  марқұмның  мәңгілік  жасампаз  рухына  қарыздармыз!                                                              ӘМИН!  

     

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Hide me
* * * Күзгі күртке, 46 өлшемді, жаңа, Түсі -сары, кымбат емес. Тел: 87472296068 * * * 44 өлшемді тон сатамын, қоңыр түсті, жалбағайлы, іші ақ, ешкі терісінен жасалған; 42-44 өлшемді сырт киім, қара түсті, жағасы сазқұндыз терісінен жасалған. Барлығы да б/к, арзан, тел. 87015611570 * * * 5-6 жастағы қыздарға арналған қысқы киім жиынтығы (үшеу), астары тоқыма күртеден жасалған «Crockid» комбинезоны, қысқы киім жиынтығы (екі) күртке және комбинезон (Түркия) * * * Flamingo, Tiflait таза былғарыдан жасалған қысқы аяқ киімдер. Қымбат емес 87771583163 * * * Нуга бест емдік мамығын сатамын, жаңа, қаптамадан алынбаған +77077673911 * * * Мектеп костюмін сатамын, ақ жейде, 10-11 жастағы балаларға арналған жылы джинсы, б/к тамаша сақталған. Қымбат емес +7 701 7824627 * * * Мамырда өндірілген май сатып аламын 15 келі +7 7478351022 * * * «Тегін беремін» Қысқы күртке, былғары, б\қ, 44-өлшемді, түсі - ақшыл, Тел. 87472296068.
Show me
↓