Мол ырыстың мерекесі (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін облыс ауылшаруашылық қызметкерлері өздерінің төл мерекесін атап өтті.IMG_8609
IMG_8642
IMG_8625
IMG_8615
IMG_8670
IMG_8656Салтанатты жиында жыл қорытындысына арналған ауқымды баяндаманы облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов жасады. Ол үстіміздегі жылы өңір ауылшаруашылығының жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталды.IMG_8675
 
IMG_8695Рас, биыл қостанайлық диқандар мол өнім алды. Еліміз бойынша барлығы 21 млн тонна астық жиналса соның 5,2 млн тоннасы немесе 25%-і Тобыл өңірі шаруаларының үлесіне тиді. Астық шығымы жөнінен облыс бойынша Федоров, Қостанай, Меңдіқара тәрізді бірқатар аудан көш бастады. Жекелеген шаруашылықтар арасында «Запасное» ЖШС әр гектардан 28 центнерден, «Өтемісов.К», «Сатаев.Б» шаруа қожалықтары 27 центнерден сапалы астық жинап алды. IMG_8709
Жалпы, өңір 342 млрд теңге ауылшаруашылық тауарларын өнімдерін өндірген. Яғни, өткен жылғымен салыстырғанда өсім 7%-ке тең.
Сондай-ақ, облыс шаруалары 52 мың тонна картоп, 25 мың тонна көкөніс жинады. 270 мың тоннадан астам майлы дақыл өнімдері ел ырыздығына айналды. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері үстіміздегі жылы 125 егін оратын техника сатып алыпты. Жалпы, соңғы бес жыл ішінде барлығы 65 млрд теңгеге 5 мыңнан астам техника алынған.IMG_8723
 
IMG_8721Салтанатты жиын барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов  бір топ ауылшаруашылық мамандарына «Еңбек ардагері» медалін тапсырды. Олардың арасында Валентин Сивиридов, Жармағамбет Жүзбаев бар. Ал ұзақ жыл ауылшаруашылық саласына сүбелі үлес қосқан Қалыбек Назарбеков, Тоқтарбай Қадамбаев, Николай Поспелов, Олег Даниленко, Иван Ветчейн,  Жомарт Жүргімбаев тәрізді азаматтар «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, Юрий Чеховский, Бақытжан Тілеубаев, Сергей Блок «ҚР ауылшаруашылық саласының үздігі» төсбелгісін омырауларына тақты.IMG_8789
 
IMG_8746
IMG_8728
IMG_8759
IMG_8737
IMG_8937
IMG_8943Меркелік жиын соңы облыс өнер шеберлерінің концертіне ұласты. Облыстық ауылшаруашылық қызметкерлерінің күніне орай өткен мерекелік жиын туралы газетіміздің алдағы нөмірінен толық оқи аласыздар.IMG_8956
 
IMG_8959
IMG_8972
IMG_9025
IMG_9031
IMG_9112
IMG_9096
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓