Төл әріптер төңірегіндегі толғаныс

Ұқсас мақалалар...

1 Жауап

  1. ӘБДІҚАДЫР ӘБДІРАЙЫМұлы ӘБІЛТАЕВ:

    Қазақтың  исі  мен  қазақ  тілінің  үні  шығып  тұратын  әліпби  қайсы?

         Өзіміздің  «Қостанай таңының»  25 қазан күнгі 118-нөмірінен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Нұрбекова Айнұрдың «Латын қаріпіндегі төл дыбыстар» деген мақаласы мен елімізге белгілі математик-ғалым, ҰҒА  академигі Асқар Жұмаділдаевтың «Қазақ әдебиетінде» басылған «Тілім аман болсын десең – клавиатураңды түзе» деген ой-пікір, ұсыныстар жасаған мақаласын салыстыра, қатар оқи  отырып, мен  де  әліпби мәселесі  толғандыратын көпшілік қауымның пайымына өз ойларымды  ортаға  салуды шештім. Онымен қоса бірқатар мәселелер турасында облыстық Тіл басқармасындағы мамандарға да ұсыныстарымды  жеткіздім.

           Ғалым А.Жұмаділдаев: «Латын алфавитіне көшудің жал­ғыз себебін көріп тұрмын. Себеп ки­риллицаның нашарлығында емес, қазақ клавиатурасының ке­міс­тігінде. Қазақ клавиатурасының ең үл­кен кемістігі онда цифрлардың бол­­мауы. Кирилл қазақ кла­виа­турасында ертегі жазуға болады, поэ­ма жазуға болады, бірақ ғылым жазуға болмайды. Өйткені ғылым цифрларсыз жұмыс істемейді.

             Кемістігі көп алфавит, кемістікті клавиатура тек қана қазаққа тән емес. Бір әріп бір дыбыс сәйкестігі сақ­тал­маған алфавиттің көкесін біз көшкелі отыр­ған латын ағылшын алфавиті көр­сетеді. Сенбесеңіз, с, у немесе к ды­­­быстарын қалай өрнектелетінін зерттеп көріңіз. Мысалы, с дыбысын s арқылы да (sin) c арқылы да (cinema) беруге болады. С әрпі сонымен қатар к деп те (cat) өзгере береді. У дыбысын u деп те (how), w деп те (Washington) беруге болады. Бірінші нұсқада у ды w арқылы беру себебі осы. Бұл ұсыныс қатты сыналды, бекер сыналды, өйткені бұған “кінәлі” қазақтар емес, ағылшын алфавитінің өзі. Бұған қарағанда кириллицаға құрылған қазақ алфавиті – анағұрлым ың­ғайлы, анағұрлым информативті, қа­зақ дыбыстарын анағұрлым дәл бе­ретін алфавит. Бұл алфавитте қор­шаған ортаға қарай өзгере беретін ха­мелеон дыбыстар жоқ. Бұл алфа­вит­те бір әріп бір дыбыс принципі өте жақсы ұйымдастырылған – депті. Көптеген қандастарым мен ұлты қазақ жерлестерім айтады: «Латынға ауысып – неменеге әуреге түсейін деп жүрсіңдер?…Қазақстанда тұратын қазақтан басқа ұлттар сол бұрынғыша орыс кириллицасымен жазып, оқитын болса?! Айтыңызшы,  өзі  екі  әліпби  де  қатарласып  жүре  ме? Әлде  мемлекеттік  тілді  басқа  ұлттарға  латын қаріпімен  үйрететін болдыңдар ма?  Екі кеменің басын ұстаған… болып  жүрмесеңдер болар!» дейді. 

            …Не дерімді  білмеймін…

          Ал енді қазір бүкіл ел болып ағылшын тілін үйреніп, меңгеруді насихаттап, кейбір тұстарда міндеттеп  те жатырмыз. Себебі, ағылшын тілді елдер, шынында да, алға дамып кетті. Олардың көш басында Америка тұрғаны белгілі. Өйткені ол елдің әскері мен экономикасы күшті, технологиясының озық екені рас. Мен де математик-ғалымның: «Жұрттың ағылшын ті­ліне ұмтылуы, ағылшын тілінің ке­реметтігінен емес ағылшын тілді елдердің тірлігінің мықтылығынан» – дегеніне қосыламын.
    Соған қарамастан,  қазір жастарымыз бір-біріне хат жазысып, хабар алысқанда қазақ сөздерін орыс қаріптерімен басып, тіліңді «біраз бұраңдатады». Сөзім дәлелді болу үшін: отбасыңыздағы жастарыңыздың ұялы телефон, компьютер фейсбуктеріндегі жазбаларын  көріңізші?… Міне, осы жерде ұстаз-оқытушы Айнұр қызымыздың: «Біздің мақсат – қазақ тілін латын әріптерінен тұратын ағылшын әлипбиіне көшіру емес, қазақтың үні, қазақтың исі шығып тұратын әліпби жасау. Сондықтан да қазақтың төл дыбыстарының үні шықпаған жерде қазақтың да, қазақ тілінің де үні шықпайды» деген нақты тұжырымына мен де қос қолымды көтеріп,  келісемін. 

     

               Әбдіқадыр  Әбдірайымұлы – зейнеткер,

    саяси-тәрбие жұмыстарының ардагері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

↓