Жаңа орталық ашылды

Қостанайда құқық қорғау қызметтерін көрсету орталығының тұсауы кесілді. Бұл еліміздің Бас прокурорының бастамасымен қолға алынған науқан. Салтанатты шараға ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжановтың арнайы келгенін айта кетейік. Орталықта кезекші прокурорлар азаматтардың әлеуметтік-экономикалық бағыттағы арыз-шағымдарын, әкімшілік өндіріс, сотқа дейінгі тергеу мен азаматтық және қылмыстық істердің сот барысы тергеуі мәселелерін қарайды. Ол жерде кез келген азамат алдын ала жазылмай-ақ, орталыққа келіп, қажетті заңды кеңесін алып, арыз-шағымын бере алады. Мамандар барлық мәселені тез арада шешуге көмек көрсетеді.IMG_8009
 
IMG_8077— Тұрғындардың кабинеттен кабинетке көшіп жүрмей-ақ, бір жерден құқықтық қызмет көмегіне жүгінуіне мүмкіндік туды. Нотариус, адвокат, медиатор, басқа да саланың қызметтері көрсетілмек. Бұл азаматтардың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына сенімін арттыру болып табылады. Қазіргі таңда Парламент қабырғасында құқық қорғау органдарының негізіне бағытталған заңнама қаралу үстінде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жоғарғы сот төрағасы мен Бас прокурор бастаған құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларынан құралған жұмыс тобы құрылды. Бұл қылмыстық істерге қарапайым азаматтардың көзімен қарау және қылмыстық қудалауды азайту, қылмыстық процесті оңтайландыруға, оның ашықтығын көрсетуге бағытталған. Бұдан былай қылмыстық процестерді электрондық цифрландыру жүргізіледі де, азаматтардың осы арадан-ақ көмегін алуына мүмкіндік бар, — деді Бас прокурордың орынбасары.IMG_8061
 
IMG_8012Марат Ахметжанов қазіргі уақытта Астанадағы Бас прокуратураның ғимаратында осындай 1000 шаршы метр орталық қызмет ететінін және оң жемісін беріп отырғанын жеткізді.
Аймақ әкімі Архимед Мұхамбетов құқық қорғау қызметінің барлық бағыттары жағынан көмек көрсететін жаңа орталықтың қарапайым халық үшін зор болатынына сенімді екенін айтты. Орталықтың ашылуына облыстық әкімдік тарапынан 13 миллион теңге қаржы жұмсалған. Сондай-ақ өңір басшысы мұндай орталықтар облыстың басқа да аудан-қалаларында ашылады деді. IMG_8078
Орталық электронды кезек жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал уақыт жоғалтпау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынатын электронды форматтағы қызмет алуға мүмкіндігіңіз бар. Кезекші прокурорлар аумақтық бөлімшелер мен басқа да өкілетті органдардан негізгі қажетті ақпараттарды жедел алуға қауқарлы.
Жаңа ғимаратта азаматтады Мемлекеттік кіріс, Қылмыстық атқару жүйесі, Әділет департаменттері мен басқа да өкілетті мекемелердің өкілдері қабылдайтынын айта кеткен жөн.
Құқық қорғау қызметтері орталығы Қостанайдағы Толстой көшесі 57, қалалық прокуратураның ғимаратында орналасқан.
 
Қыдырбек Қиысханұлы,
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.        
 
           

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓