Облыстық ауруханада – жаңа бас дәрігер

Қостанай облыстық ауруханасының бас дəрігері қызметіне Юрий Моисеев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. мусаЮрий Моисеев осыған дейін облыстық аурухананың бас дәрігері орынбасары қызметін атқарды. Тəжірибелі дəрігердің медицина саласындағы еңбек өтілі отыз жылдан асады. Ол 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын тəмамдады. Осы жылы Қостанай облыстық ауруханасына анестезилог-реаниматолог қызметіне кіріседі. 1995 жылы бөлім меңгерушісі болып істейді. Юрий Моисеев 2002 жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды.
Ол 1999 жылы "ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды. Ал 2016 жылы оған "Құрмет" төсбелгісі тапсырылды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓