Курсанттары ант қабылдады

ҚР Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында дәстүрлі ант қабылдау рәсімі өтті. 6
Атаулы шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Берік Бекжанов, Қостанай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Сергей Кузнецов, Қостанай облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы полковник Талғат Какимов, Қостанай облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Мереке Алшағыров, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының орынбасары полковник Еркін Камышев қатысты. Биыл акдемияның күндізгі оқыту факультетіне түскен 250 курсант ант қабылдады. Жоғары оқу орнына республикамыздың түпкір-түпкірінен түскен курсанттардың ата-аналары, туыс-туғандары келді. Олар ұл- қыздарының, іні-қарындастарының өмірдегі қуаныштарымен бөлісті.2
Академияның бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов курсанттарды құттықтады. Ол өз сөзінде:
«Мәңгілік ұмытылмастай болып есте қалатын осы салтанатты күні заң мен халыққа адал қызмет етуге серт бере отырып, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі, адамдардың бейбіт өмір сүруі сіздердің кәсібиліктеріңіз бен азаматтық жауапкершіліктеріңізге тікелей байланысы екенін естен шығармаңыздар. Ата-аналарыңыз бен жақын туыстарыңыздың алаңсыз болуы үшін сіздердің қызметтеріңіз де озат болуларыңызға тілектеспін. Қымбатты ата-аналар, балалардың жасаған тандауы жүректеріңізге қуаныш сыйлайтынын жақсы түсінеміз. Сіздердің ата-аналық мейірімдеріңіз олардың оқу бағдарламасын ойдағыдай бітіруіне, қызметтік борыштарын мінсіз атқаруына зор қолдау көрсетесіздер деп сенемін. Ант қабылдау – бұл адал, киянатқа бармай, әділ болуға үйретеді. Бұл – мемлекеттің мүдесін қорғауға, ҚР Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға серт беру. Жас полиция қызметкерлері ішкі істер органдары беделіне кір келтірмей, алға қойған міндеттерді мінсіз орындайтындарына сенім білдіремін. Мерекелеріңіз құтты болсын!», — деді.16
Құттықтау сөздер жалғасы Академия ардагерлерлер кеңесінің атынан отставкадағы полиция полковнигі Бисұлу Биғазқызы, бірінші курс ата-аналарының атынан Арман Кутушев, бірінші курс курсанты Әлішер Әшікұлына берілді.
Әлішер Әшікұлы барлық 1-курс курсанттарынын атынан:
— Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтап, Академияның қоғамдық өміріне, ғылыми, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы курсанттарының атағын қадірлеп, оқу орнының беделін нығайтуға уәде беремін»,  -деп көпшіліктің алдында серт берді.14
Ант қабылдау рәсімі керемет, рухты көніл-күйде өтті. Курсанттардың қатысуымен спорттық көрнекі қойылымдар қойылды. Соның ішінде жоғары оқу орнында 2014 жылы құрылған 3-курс хоры академияның әнұранын орындаса, дабылшы взводтың қыздары және карабинщиктер тобының ұлдары өздерінің өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, үздік спортшылар спорттық көрсетілімдер қойып, соның да көк туымызды биікке желбіретіп, курсанттардың Отанға деген патриоттық сезімін оятты. Бағдарлама соңында білім ордасының домбырашы ансамблі бірнеше көременнің делебесін қоздыратын күйлер орындап, көрменді бір серпілтіп тастады.
 
Айсұлу Зимина,
А.Байтұсынов атындағы ҚМУ-дің
3-курс студенті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓