Елбасы жаңа әліпбиге қатысты пікір білдірді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда латын әліпбиін енгізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Латынға көшу бәрін де алаңдатып отыр. Бұл жайында көп айтылды. Біздің ғалымдар менің тапсырмамен ұзақ уақыт жұмыс істеп, барлық тарихты қарап шықты. Көршіміз Өзбекстан, Түркия қалай енгізгендігін, олардың тәжірибесін қарады. Компьютерге бірден қоя салу үшін ілік болмау керектігін айттым. Ноқаты, үтірі бар, тек қазақ дыбысына тән 8 әріп бар. Міне соларды нақтылау қажет. Барлық мәселе осында», — деді Елбасы Ақордада өткен отандық және шетелдік журналистермен кездесуі барысында.
Осы ретте Мемлекет басшысы латын әліпбиін енгізуді Парламентте талқылауды ұсынғанын айтты.
«Ымыра болғанда, тіл білімі мамандары мен тарихшылар ортақ келісімге келгенде мен жаңа әліпби жайында жария етемін. Бұл ертең осы әліпби қолданысқа енеді дегенді білдірмейді», — деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті кирилица да өз қызметін жалғастыра беретіндігін атап өтті.
«Кирилицамен жазып, орыс тілінде сөйлетіндердің алаңдамауларына болады», — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар ҚР Президенті 2022 жылдан бастап 1 сынып латын әліпбиімен оқитындығын айтты.
«Меніңше, бұл тез өтеді. Өйткені, бүгінде барлық балалар ағылшын тілінде оқиды. Ал ол латынша. Сіздер мен біздер үшін де бұл үлкен проблема болмақ емес», — деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, әлемдегі ақпараттардың 70 пайызы латын әріпімен таралады, ғылыми-техникалық прогрес де осы тілде басым жүруде. Сонымен қатар Елбасы латын әліпбиіне көшу жобасы соңына дейін тыңғылықты дайындалуы керектігін ескертті.
«Қазақ тілінде щ, ю, я әріптері жоқ. Японияны қазақтар Жапония дейді. «ч», «ю», «я», «ь», «ъ» белгілері жоқ. Яғни біз осы әріптерді қолдану арқылы нағыз қазақ тілін бұрмаладық. Сол себепті енді негізі тілге көшпекпіз. Бұл бүкіл мемлекет үшін маңызды шара және онда ағаттыққа жол беруге болмайды»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы сәбіз сөзінің талқылауға ұсынылған жаңа әліпбимен жазылып, айтылуына қатысты қоғамдық қызу пікірталасқа орай ойын білдірді.
«Кеше маған сәбіз деген сөздегі «ә» әріпін қалай айту қажеттігі интернетте жүр деп айтты. «Ә-ні» «а» жанында «е» екі әріптен тұрады. Сонда «saebiz» деп оқылады екен» деп. Немісте «мектеп» дегенді үш әріппен ш әріпін S, c, h әріптерімен береді. Француз сөзіне бір сөзді айту үшін 10 әріп керек. Сондықтан олай деу дұрыс емес», — деді Елбасы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓