Зиялылар айтады…

Ұқсас мақалалар...

3 Responses

  1. Қазақ Алашұлы:

    Елге есімдері танымал екі кісінің де көзқарастарымен келісемін. Серік ағамыз да, Нағашыбай ағамыз да елдікке қатысты мәселелерге үнемі өз үндерін қосып отырады. Бұл жолы да латын қарпіне көшудің Қазақстан тарапынан жасалған ұтымды, көреген, парасатты шешім екенін меңзепті қос зиялымыз! 

  2. Еркін Айдар:

    Жасырып-жабары жоқ, жаңадан жасалған әліпби төңірегінде әртүрлі пікірлер айтылып, қоғамда жаңаны жатырқай қабылдау байқалып жатыр. Көзге бөтен, көңілге жат болғандықтан, бұлай болуы да заңды шығар, кім білген. Көбісінің жақтырмайтыны – қазаққа тән әріптердің екеу болып таңбалануы. Шыны керек, мен де оны жыға жақтамаймын. Әліпбидің нұсқасы әлі қаралады, жетілдіріледі деген үмітім де бар. Ал енді "осы латыншаның бізге не керегі бар?" деушілер Серік, Нағашыбай секілді мүйізі қарағайдай ел ағаларының мынадай пікірлеріне назар сала өту керек! Өз атымнан қосар болсам, бұл, әрине, болашақ үшін жасалып отырған маңызды қадам.

  3. Ботик Курмаш:

    "Біріншіден, мұны заман талабы десек, екіншіден, өскелең ұрпақтың қамы үшін атқарылмақ шаруа. Барлығымыз бірігіп, оң шешімін таптық деп ойлаймын",-депті Серік ағамыз. Иә, өскелең ұрпақтың қамы үшін! Біз осы неге өзімшілдік ниет таныта береміз? "Кириллге үйреніп қалдық", "Меңгеру қияметпен тең ғой", "Мұның маған не пайдасы бар?" деп бұлқан-талқан боламыз да отырамыз. Бізге қиын болса да санасы таза ұрпақ оны өз әліппесі ретінде қабылдайды, сол әліппемен сусындап, білім алып, қызмет істеп, жаңа Қазақстанның өркендеуіне үлес қосады. Қисынды түрде осылай… "Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін", — деген емес пе Ахаң. Бүгіншіл болуды қойып, ертең үшін жасалып жатқан қарекетке тұзақ лақтырмайықшы, бауырлар!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

↓