Спорт – өмір көркі

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің алаңында республикалық кең ауқымды “Денсаулық фестивалі-2017” акциясы өтті. “Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!” деген ұранмен өткен аталмыш шараны облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Қостанай қалалық спорт және денешынықтыру бөлімі, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы мен облыстық ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты – әр азаматтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.Yd10uGtdYj4 Фестивальдің ашылуында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Слободенюк, қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Н.Ермағамбетов, облыстық ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Лев Квасенко, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы басшысының міндетін атқарушы Ә.Садуақасова сөз сөйлеп, жастарды мерекемен құттықтады. Және оларға адам өмірінің мәні денсаулық екендігін, ол үшін спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстану керектігін айтып, сондықтан да бүгінгі “Денсаулық” фестивалінің халықты спортпен шұғылдануға үндейтін бірден-бір шара екендігін жеткізді.x3Mm6e_yyVA
 
iawJ2gPcg-UАйта кетерлігі, жаңбырлы күнге қарамастан маңызды шараға келген қостанайлықтардың, әсіресе жастардың қарасында шек болмады. Олар “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткен республикалық шараға белсенді қатысып, жастардың әрдайым зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын тағы бір мәрте дәлелдегендей болды.nNZMf3aAm-w
 
lhW9xONb8B0-Бүгінгі ауа-райына қарамастан біз “Денсаулық” фестивалін жастардың белсендігінің арқасында өткізіп жатырмыз. Бізді жастарымыздың салауатты өмір салтын құптайтындығы қуантады. Себебі, бүгінде көп жастарымыз темекі, сыра сияқты жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, сопорттың небір түрімен шұғылданып жүр. Бұл әрине қуантарлық жәйт, сондықтан жастарымыз үшін осындай спорттық шаралардың маңызы өте жоғары. Біз осындай акциялардың көмегімен жастарға деніміздің саулығы тек қана өзімізге байланысты екендігін ұғындырғымыз келеді. Егер кез келген адам денсаулығының мықты болғанын қаласа, ол зиянды әдеттерінен арылып, әрдайым дұрыс тамақтанып, жаттығу жасауы керек, — дейді облыстық деснаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Екатерина Слободенюк.vcmLZvZhB58
 
VI4heUWlnNgСондай-ақ, осы күні маңызды шараға қаламыздағы денсаулық сақтау ұйымдары да біркісідей атсалысып, ақ желеңділер жиналған тұрғындардың, жастардың қан қысымын, салмағын өлшеп, қандағы қант мөлшері мен холестеринді анықтады.
-Біздің емхана жыл сайын “Денсаулық фестиваліне” белсенді түрде қатысып отырады. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да жиналған көпшіліктің қан қысымын өлшеп, басқа да медициналық тексерістерден өткізіп, тегін дәрігерлік кеңестер беріп жатырмыз. Алдымыздан өткен екі жүзге жуық адамның дені жастар болды, қуанарлығы жастарымыздың денсаулығы мығым екен, — дейді Қостанай қалалық №1 емханасының скринингілік мейірбикесі Ботагөз Мұстафина.mO8krPj0Qz0
“Денсаулық” фестивалінің соңы жастардың қатысуымен өткен 2,4 шақырым қашықтықтағы марафонмен аяқталды.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА,
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓