Бас есепші баласына заңсыз ақша аударған

Денисов аудандық орталық ауруханасында төлем шарттары бойынша заң бұзушылықтар анықталды.
2013-2016 жылдар аралығында Денисов ауданы орталық ауруханасының бас есепшісі кәсіпорын келісім-шарт жасамаған екінші тарапқа ақша аударып отырған. Бұл туралы Қостанай облысы ревизиялық комиссиясы мамандары мәлімдеді. Тексеру барысында анықталғандай, төлем шарттарында көрсетілген ЖСН аурухананың бас есепшісі Т.Н.Чижевскаяға тиесілі. Ол жүзеге асырған қаражат И.С.Тюриннің шотына түскен. И.С.Тюриннің Денисов аудандық орталық ауруханасында жұмыс істемейтіні, бас есепшінің баласы екені белгілі болды. Т.Н.Чижевская осы жылдар аралығында ұлына 25,1 млн теңге жіберген.
Бас есепші өз сөзінде 2013 жылы ұлының жеке кәсібінде туындаған мәселелер бойынша қаражаттың керек болғанын айтты. Осылайша, И.С.Тюрин банктен алған несиесін төлеп отырған.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓