Конституция күні мерекеленді

 
Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Конституция күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Алдымен, облыстық мəслихат хатшысы Сайлаубек Ещанов баяндама жасады. ещанов— Аз ғана уақыттың ішінде елімізді бүкіл әлем таныды. Біз мықты экономика құрдық. БҰҰ қауіпсіздік кеңесі мүшелігіне ену мен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі – мұның анық айғағы. Құқықтық саланың дұрыс жолға қойылуы – ел дамуының басты көрсеткіші. Қазақстанның әлемдік экономикалық аренада өзіндік орны бар. Оған қостанайлықтар қосып келе жатқан үлесі де соншалықты – бізде индустриалды-инновациялық алаң құрылды. Шағын жəне орта бизнес дамуы жыл басынан есептегенде 15%-ға өскен. 314 тонна ұн экспортталды. Кондитерлік өнім өндіру бойынша да мақтанарлық көрсеткіштеріміз бар. 2010 жылдан бастап құны 125 млрд теңгені құрайтын ірі-ірі 80 жоба іске асырылыпты. Алдағы жылы 1901 жұмыс орны ашылмақ. Біздің басты құндылығымыз – адам капиталы. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бұл нақты көрсетілген. Шүкір, бейбіт өмір сүрудеміз. Жоғарыда аталғандардың барлығы Конституциядағы баптар мен бағыттарға негізделген. Барлықтарыңызды ұлық мерекемен құттықтаймын! – деді ол. кансерМәслихат хатшысының сөзінен соң өнер шеберлерінің мерекелік тартуы ұсынылды. Серік Əбілев, Манапбек Қадыров, «Бəйтерек» тобы және басқа да өнерпаздар барша қостанайлықтарды мерекемен құттықтады. Филармонияның камералық оркестрі мен бір топ күйшілердің өнері көрермендерді орындарынан тұрғызды. Мұндай қошеметтен соң шара Президент оркестрінің әншісі Нұрболат Арзамастың шығармашылық концертіне ұласты.пто
анши
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓