Тіл тұғырдан түспек емес!

«Қостанай таңы» газетінің сайтында «Көрген көзде жазық жоқ» мүйісі жұмыс істейді. Бұл айдардың мақсаты – қала көшелеріндегі, мекеме-нысандардағы мәтіні «майысқан» мемлекеттік тілдегі жазбаларды сынға алу. Осы уақытқа дейін жарияланған материалдар саны, жобамен, 100-ге жуықтайды. Солардың бірі – Қостанайдағы «Мохито» демалыс кешенінің жағажайындағы тақтайшадағы жазу. Ескерту белгісіндегі жазба екі тілде. Бірақ, орыс тілі түсінікті болғанымен, алғашқы тілдің қай елдікі екенін түсінбей дал болдық. Сөйтіп, облыстық тілдерді дамыту басқармасына бардық. Басқарманың ономастика және көрнекі ақпараттар бөлімінің басшысы Жарасхан Наурызбаевтың айтуынша, ірі-ірі сауда, демалыс орындарындағы орфографиялық қателердің жіберілуі аудармашылардың біліктілігінің нашарлығынан болып отыр.20170824_160424
— Біз ардагерлер кеңесі, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатымен бірігіп, айына 4 рет рейдке шығамыз. ҚР тілдер туралы заңына сәйкес, қоғамдық орындардағы түрлі жазбалардың дұрыстығын тексеріп, үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз. Орын алған қателіктер бойынша тиісті мекеме, ұйымдарға ұсыныс хаттар жіберу де біздің міндетке жатады. Ал мына «Мохито» демалыс орны жағажайындағы ескертпе белгілер жақын арада дұрысталатын болады. Енді мұны үнемі назарда ұстайтын боламыз, — деді Жарасхан Наурызбаев.  20170824_152440
Содан соң «Мохито» демалыс орны басшысы Махмуд Тұрсыновқа хабарластық. Оның сөзіне сенсек, ескертпе белгілері тапсырыс арқылы жасалынады. Қазақстан Републикасының «Тіл туралы» заңының 21 бабына сүйенсек, көрнекі ақпарат және үгіт насихат құралдарында кеткен қателіктер екі аптаның ішінде ретке келуі тиіс. Алайда «Мохитодағы» белгілердің бірнешеу екенін ескерсек, оны қайтадан орнатуға екі аптадан да көп уақыт керек. Бұл – басшының сөзі. Ал мемлекеттік тілде жазылған қателік жарнама бөлімі мамандарының салғырттығынан-мыс. Демалыс орнының Ралина есімді әкімшісі олқылықтың орны толған соң қоңырау шалатынын айтты.    
 «Көрген көзде жазық жоқ» айдарында жарық көрген тағы бір қате аударманы М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ колледжіне барсаңыз жолықтырасыз. Мұны Елбасының өз аузынан шыққан сөз деп ойлап жүрген студенттер қаншама десеңізші?! Біз барғанда колледж директоры еңбек демалысында екен. Оның орнына комендант Вера Юрьевна жауап берді.20170824_160119
принт 1—           Әрине, мұндай қателіктерді жіберуге болмайды. Негізі әр кабинеттегі тақтайшаларды оқытушылар өздері жасатады. Мен басшылық еңбек демалысынан келген соң мәселенің мән-жайын түсіндіремін. Алдағы уақытта барлық қабаттағы жарнамалық стэнд пен баннерлердегі жазбалардың дұрыстығын тексереміз, — деді ол.
Иә, тіл тазалығы – басты талап. http://kostanaytany.kz/ сайты қызметкерлерінің айтуынша, қазақ тіліндегі қате жазылған сөздерге «саятшылық» құру мұнымен тоқтамақ емес.
 
Қасқырбай Қойшыманов
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓