Біз қайда кетіп барамыз?

Шынымен де, біз қайда кетіп барамыз? Кімге айналып барамыз? Ел ішінде өз-өзіне қол жұмсап, жоғары қабаттан секіріп немесе өртеніп кетіп жатқан адамдар көбейді. Біз білетін тарихта Отан үшін отқа түскен батырлар бар. Олар мәңгілік ел  есінде қалды. Ал, тұрмыстың ауыртпалығы үшін қарақан басын өлімге қиғандар кімдердің есінде сақталмақ?
өөөБалаларымыз мына заманның буында өзімізбен бірге біте қайнасып бой түзеді. Ал немерелерімізге қандай заман қалдырып барамыз? Жемқорымыз жегенінен аса алмады. Жегілгендер көнбістік мінез танытуда. Жастарымыз ата-ананың бар  тапқанын сарқып қолдарына диплом алады. Дардай оқу орнының дипломы болғанымен мамандығы бойынша жұмыс таба алмай сабылған өрендер қаншама?! Халықтың қаржысын алғанымен балаға қаншалықты білім бергенін жоғары оқу орындары біледі ме?
Бос сандалған жастар жұмыссыздардың қатарын арттырып жүріп жатқаны. Осылай жүрген ұл мен қыз бойдақтардың қатарын да өсірді. Мұның өзі халқымыздың демографиялық көрсеткішіне кері әсерін тигізері анық.
Дәрігерлердің ішінде ел ал-ғысына бөленіп жүргендері де бар. Бірақ өз ісіне салғырт қараған мамандарды көріп ішің удай ашиды.
Біз ғұмыр кешіп жатқан заманның қилы-қилы сәттерін айта берсең жетіп артылады. "Қай жарамды қасиын қотыр болған денемнің" дегеннің кері.
Өмірзақ Беков,
зейнеткер.
Қазақстан ауылы,
Қостанай ауданы.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓