Пробация шарапаты

Қостанай облысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Жақында Қостанай өңірінің ҚАЖ қызметкерлері жазасын өтеп шыққан 52 жастағы ІІІ топтағы мүгедек кісіге көмек көрсетті.
«Мүмкіндігі шектеулі бұл азаматты Наурызым аудандық пробация қызметінің есебіне қойған уақытта оған қандай әлеуметтік көмектер қажеттігі көрсетілген жеке бағдарлама жасалды. Атап айтатын болсақ, материалдық, құқықтық және медициналық көмектер көрсетілді, оны жұмысқа орналастырды», — дейді Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация бөлімінің бастығы Қанат Рыщанов.    
Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққан азамат С. біржолғы жәрдемақы алды. ҚАЖ қызметкерлері оның әлеуметтік статусын ескере отырып, толық медициналық тексеруден өткізді, протездік-ортопедиалық көмек алуы үшін жергілікті денсаулық сақтау органдарының ықпалымен «Сосновый бор» шипажайына емделуге жіберілді.  Аталған азамат жеке бағдарлама аясында «Жол картасы — 2020» бағдарламасына қатысты, нәтижесінде оған қайтарымсыз несие беріліп, аяқ киім жөндеу шеберханасын ашты.  
Келесі бір мысал – үш жылға бас бостандығынан айырылған Қостанай облысының тұрғыны 47 жасар Эдуардқа нақты әлеуметтік көмек алуына жәрдемдесті. Бұл кісі өзге біреудің көмегінсіз қозғала алмайды. Ол ҚАЖ қызметкерлерінің бақылауына түскенге дейін әлеуметтік статусын анықтай алмаған. Алайда қызметкерлер оған денсаулығына байланысты жәрдемақы алуға құжаттарын ресімдеп, жәрдемақы алуға көмектесті, мұнымен қоса оған мүгедектік арбасы берілді. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓