Қолжуғыштың құрбаны бола жаздады

Кеше Қостанай қаласында тосын оқиға орын алды. Атап айтсақ, Қостанай-2 шағын ауданы Мирная көшесіндегі туыстарына 2 баласымен  қонаққа барған әйел бір жарым жастағы қызынан айырылып қала жаздады.
чпОйынға берілген бүлдіршіннің басына үйдің сыртында жатқан қалайы қолжуғышты кигізіп, кейін оны  шығара алмаған. Сосын оқиғадан хабардар болған үлкендердің әрекетінен де ешбір нәтиже шықпаған. Амалы құры, ан ата-ана құтқарушылардан көмек сұрады. Шақырту бойынша жеткен құтқарушылар жасағы жарты сағат өткенде  бүлдіршінді аман-есен құтқарып алды.
Ал, талай жанның берекесін кетіріп, зәресін алған қолжуғыш бір жарым жастағы бүлдіршіннің ата-анасына естелік ретінде берілді. Міне, ойыннан от шығады деген осы.
 
Мешіт Ғазиз

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓