Облыс өнімдері Елордада

Астанада әр сенбі-жексенбі сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Үлгілі үрдіс өткен аптада да жалғасын тапты. Бұл жолы Қостанай және Қарағанды облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының тауарлары әкелінді.  Саудасы қызу жүрді. Қостанай облысының тауарларына сұраныс көп болды. Соның ішінде жұмыртқалардың өтімі жоғары болды.
Қостанай облысы Астанадағы жәрмеңкеге бірнеше рет қатысты.Әр шара сайын сапалы тауарлары тұрғындар тарапынан мақтаулы.
Жалпы, жәрмекеде барлығы мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі қойылған. Ондағы баға Астана қаласының нарығынан 15-30 пайызға төмен. Тобылдық таланттардың тартуын тұрғындар да жылы қабылдады.Жәрмеңке – сатушы мен тұтынушыға да пайдалы шара. Сол себепті, алдағы уақытта ауқымды шараға басқа аймақтар да атсалыспақ.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓