Облыста ҰБТ аяқталды


ҰБТ – ЕНТ 2017Қостанай облысының түлектері ҰБТ тапсырып болды. Тестілеуге 4169 түлектің 2271-і қатысты. Облыс бойынша орташа балл – 80,9. Бұл, мамандар айтуынша, былтырғыдан төмен көрсеткіш (83,86). Үздік бес аймақ та белгілі болды:
— 1-орында – Әулиекөл ауданы (96,14);
— 2-орында – Науырзым ауданы (94,61);
— 3-орында – Қостанай қаласы (-89,36);
— 4-орында – Қарасу ауданы (84,56);
— 5-орында – Аманкелді ауданы (79,62).
Ал мектептерге шағатын болсақ, өте жақсы нәтижені дарынды балаларға арналған оқу ошақтары көрсетті. Тізім басында Ы.Алтынсарин атындағы мектеп — 108,5, екінші орында "Білім-инновация" лицейі тұр –103,13, үздік үштікті "Озат" мектебі қорытындылайды – 95,73. Өкінішке қарай,ең жоғарғы 140 балл жинау былтырғыдай тағы да мүмкін болмады. Ең үздік көрсеткіш – 134 балл. Оны "Білім-инновация" лицейінің оқушысы Мадияр Көпжасаров және Аманкелді ауданы Жалдама орта мектебінің оқушысы Мағауия Рахымбек жинады. 541 түлек жүзден артық балл алған, бұл – ҰБТ-ге қатысқан әр төртінші оқушы. 113 "Алтын белгі" аттестатының иегерінің 83-і тестілеуге қатысты. Оның да 47-сі балды100-ден асырып, өз статустарын сақтап қалды. 20 түлек апелляциялық арыз беріп отыр. Өтініштерді облыстық және республикалық комиссия қарау үстінде. 
Ақырғы нәтиже және облыстың республикалық деңгейде рейтингтік кестеден нешінші орыннан көрінгені 1 шілдеден соң белгілі болады. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓