Жанкелдин ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұханбетов жұмыс сапарымен ауданға келді. Ең алдымен аудандық мәслихаттың депуттатарымен кездесті. Бүгінгі күнге дейін аудан әкімінің міндетін атқарып келген Шота Оспанов Жангелдин ауданы әкімінің кандидатурасына ұсынды. Жергілікті халық қалаулылары бірауыздан қолдап, дауыс берді.IMG_8017
Артынша Ғауез Торсанұлы әкімдіктің кіші мәжіліс залында жиын өткізіп, мекеме, кәсіпорын басшыларының және ауылдық округтар мен ауыл әкімдерінің алдында облыс әкімінің бұйрығымен тағайындалған Жанкелдин ауданының жаңа әкімі Шота Сәбитбекұлын таныстырды. Бірталай басшылық қызметтерді абыройлы атқарып, табандылықпен жұмыс істей білген еңбек жолдарына тоқталды. Сондай-ақ, алдағы уақытта берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, жауапкершіліктер мен міндеттерді мінсіз орындайды деп сенім білдірді.IMG_8025
Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспанов облыс әкімінің сеніп артқан үмітін ақтап, алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына күш салып, Мемлекет басшысының сарабдал саясатын жүзеге асыруға уәде берді.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓