Кеншілер фестиваль жеңімпазы атанды

Бүгін Қостанай қаласындағы "Мирас" мәдениет үйінде облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығының "Қуатты Қазақстан — шуақты Қазақстан" атты XXXI фестивалінің жеңімпазы анықталды.
Марапаттау рәсіміне Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Ол шара барысында Тобыл-Торғай бойындағы мәдениеттің қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті._MG_9877-Қостанай облысы өзінің мәдени ошақтарымен және осы сала майталмандарымен мақтанады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың мәдени өміріне ерекше мән береді. Президент бастаған рухани жаңғыру мәдениет пен әдебиеттен бастау алмақ. Ұлт болашағы үшін сіздердің еңбектеріңіз аса маңызды екенін ескерген жөн. Бүгінгі жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын!-деді облыс әкімі._MG_9733
Белгілі болғандай, XXXI "Қуатты Қазақстан — шуақты Қазақстан" фестивалінің жүлделі үшінші орнын екі бірдей аудан иеленді. Олар Жітіқара мен Әулиекөл ауданы. Қос қола жүлдегерге 1 млн теңгеден  берілді. Сондай-ақ Федоров ауданы екінші орынды және 1 млн 300 мың теңгені алды. 1-орын Аманкелді ауданына бұйырды, сонымен қатар олар 1 млн 700 мың теңгені қанжығаға байлады. Ал, бас жүлдені Рудный қаласы әкетті. Жеңімпаздарға 2 млн теңге сыйлады. _MG_9851 Салтанатты іс-шарада мәдениет саласына еңбегі сіңген азаматтар ҚР Спорт және мәдениет министрлігі мен Қостанай облысы әкімінің марапатына ие болды._MG_9688
 
_MG_9713

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓