Кеншілер қоныс тойын тойлады

Рудныйда ССКӨБ жұмыскерлеріне арналған 75 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге «Еуразиялық Топ» ЖШС Басқарма төрағасы Алдияр Қазтаев пен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.DSC_4601
Качарская көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары тура бір жыл бұрын басталған болатын. Осы уақыт аралығында бас мердігер «Рудныйсоколовқұрылыс» АҚ қаңырап тұрған ғимаратты көрсе көз тартарлықтай етіп жөндеп шықты. Үйдің ауласы түгелдей қоршалған. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы, баскетбол мен шағын футбол алаңы, жайлы орындықтар мен автотұрақ, бір сөзбен айтқанда, жайбарақат өмір сүру үшін қажетті жағдайдың барлығы бар. Бөлмелері кең, жарық, әрі сапалы материалдармен жасалған. Пәтерлердің ауданы бөлме санына қарай 40, 60 және 80 шаршы метрді құрайды. Еуразиялық Топ пен аймақ басшысы бірнеше пәтерді аралап, қоныс тойын тойлап отырған кеншілерге теледидар мен тоңазытқыштар сыйға тартты.уй1
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында бүгінде еліміздің экономикасы қарыштап дамып, халықтың әлеуметтік жағдайы күн санап артып келеді. Еуразиялық Топтың қолдауымен бой көтерген бұл үй сөзіме дәлел. Бірер күндерден Сандригайло көшесінде 90 пәтерлі, ал жыл соңына дейін Восточная көшесінде 60 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілмек. Осылайша биылдың өзінде 300 отбасы баспанамен қамтылады. Кеншілер қаласының 60 жылдығына байланысты осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жандана түсетіндігіне сенімдімін, – деді Архимед Бегежанұлы.рудн
Су жаңа баспанаға қол жеткізгендердің бірі – Исламбек Құдайбергенов. Ол Жол шаруашылығы және құрылыстар басқармасында 7 жылдан бері табысты еңбек етіп келеді. Бір ұл, бір қызы бар. Өмірлік жолдасы – Рудный индустриялық институтында мұғалім.
– Тұрғын үй бағдарламасының аясында салынған бұл баспананы 3,5 пайызбен алдым. Бұл қазіргі нарық заманында үлкен көмек пен зор мүмкіндік деп білемін. Сондықтан өзім сияқты қоныс тойын тойлап отырған қуаныш иелерін шын жүректен құттықтап, жастарды ел болашағына балаған Президентімізге, облыс басшылығы мен туған кәсіпорныма зор алғысымды айтамын, – дейді ол.
Айта кетейік, Еуразиялық Топтың Тұрғын үй бағдарламасының шеңберінде компания кәсіпорындары орналасқан Қостанай, Ақтөбе және Павлодар облыстарында жыл соңына дейін 90 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 1400 отбасыға пәтер кілтін табыстау жоспарда бар. Оны жүзеге асыруға компания 10 миллиард теңге бағытталып отыр.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓