Сәби өмірі үшін күрес

Дәрігерлер Жітіқарадан облыстық балалар ауруханасына жеткізілген 1 жасар баланың өмірімен күресіп жатыр. саби
Ақ халаттылардың айтуынша, ұл бала комада жатыр. Ол жол-көлік оқиғасы салдарынан аса қатты зақым алған. Бас миы жарақаттанған. Жағдайы өте ауыр, дегенмен дәрігерлер сәбидің өмірін өлімнен арашалау үшін қолдан келген шараларды қабылдауда.  
Оқиғаны нақтылай кетсе, жол апаты "Жітіқара-Бреда" тас жолында, Жітіқарадан он шақырым қашықтықта болған. «Mitsubishi Delica» маркалы көлікті тізгіндеген 26 жастағы қостанайлық қыз кенеттен рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік жол жиегіне аударылады. 
Мұның сыртында, осы ауруханада төртінші қабаттан құлап кеткен үш жасар бала да емделіп жатыр. Бұл оқыс жағдай Қостанай қаласында болған еді. Оған ота жасалды. Қазіргі кезде өкпенің жасанды винтеляциялық аппаратымен жан бағуда. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓