Басты назарда – жолдау

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауын облыс тұрғындары арасында насихаттау, түсіндіру жұмыстарында аз-кем олқылықтар бар. Бұл туралы облыстық аппарат мәжілісінде айтылды.XSDB6tq4yPEҚостанай облыстық ішкі саясат басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Бибігүл Аққожина Елбасының Жолдауын жария ету мақсатында өңірде еңсерілген жұмыстарға тоқталды. Мәселен, халықты құлағдар ету үшін жалпы ақпараттық және жекелеген тақырыпқтарға бағытталған жұмыс топтары құрылыған. Сондай-ақ, облыстық газеттерде Жолдаудың толық нұсқасы жарияланып, телеарналарда арнайы айдарлармен хабарлар таратылды. Халыққа жалпақ тілде жеткізу мақсатында жұмысшы топтар аудандарға барып, облыс бойынша 55 билборд ілінген.haEIZtA5U5AАлайда, баспа беттерінде жан-жақты түсіндіру үшін мемлекеттік тапсырыстың кешігуі кедергі болып тұр. Архимед Бегежанұлы бұл мәселені жуық арада шешуге пәрмен берді.
-Елбасы Жолдауы қаңтар айының аяғында жарияланды. Содан бері, міне, үш ай өтті. Біз болсақ, халыққа жеткізе алмай отырмыз. Жақында оңтүстік аудандарға жасаған іссапарымда ел ақсақлдары өз реніштерін білдірді. Олар мемлекеттік бағдарламалар мен Жолдаулардың мәнісін дұрыс біле бермейміз деп отыр. Түсіндіруге ылғи жас мамандар келеді, сұрақтарымызға толық жауап бермейді дейді. Сондықтан баспасөз беттерінде кеңінен талқыланып, түсінікті тілде жазу керек. Бұдан әрі созып жүріп алмай, мемлекеттік тапсырысты жылдамдатыңдар,-деді аймақ басшысы.
Бұған қоса, Архимед Мұхамбетов Жолдауды жария етіп тұратын жарнама маңдайшаларын сынға алды. Олардың орналасуы көңілге қонымсыз дейді.XSDB6tq4yPE-Сіз көрсетіп отырған суреттерге қарасам, билбордтар жөнсіз жерлерге қойылған. Біреудің үйінің артында, жеке меншік жерінде немесе ғимараттардың тасасында тұр. Оны ешкім көрмейді. Бұл – Ұлт көшбасшысының Жолдауы. Ел болашағы. Сондықтан олар қалаға, елді мекенге кіреберістерде тұруы қажет,-деді облыс әкімі.
Сонымен қатар халықпен кездесу барысында қаптаған сандар жұртқа түсініксіз екенін ескертті. Бұқараға мысал келтіре отырып, мемлекеттік бағдарламалардың шапағатын көріп жүрген адамдарды үлгі етіп көрсетуге шақырды.
-Мемлекеттік тапсырыстан келіп түскен қаражатқа біздің жергілікті БАҚ өкілдері қарапайым тұрғынға мысал келтірсін, үлгі көрсетсін. Бағдарламалар арқасында пәтерге қол жеткізген немесе кәсіп ашқан азаматтарды жиі айту керек,-деді Архимед Мұхамбетов.
  
Кенже ҚОНЫСБАЙ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓