ЭКСПО-ға билет ұтып алды

Сарыкөл өңірінде «Бүкіләлемдік денсаулық күні» және «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне арналған волейболдан аудандық жарыс өтті.воле
«Жастар ресурстік орталығы» МКМ мен «Сарыкөл аудандық орталық ауруханасы» МКМ бірігіп ұйымдастырған спорттық сайысқа аудан бойынша бас-аяғы 9 команда қатысты.
Жарыстың ашылу сәтінде ҚР мемлекеттік Әнұраны айтылып, ұйымдастырушылар алқасы Елена Данилова мен Нұрлан Қажиевтар сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.экспо
Жалпы, жарыс өте тартысқа толы өтті. Қатысушылар барын салды. Себебі, бұл спорттық сайыстың бір ерекшелігі, жеңімпаз командаға ұйымдастырушылар тарапынан жаз айында Астана қаласында өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне тегін билеттің сертификаты табысталды. Ал, 1-орынды Урицк орта мектебінің командасы жеңіп алды.волейбол
Айтпақшы, осы күні Сарыкөл орта мектебінде де мұғалімдер мен оқушылар арасында «Көңілді мәре» атты спорттық сайысы өтті. Нәтижесінде, оқушылар командасы жеңіске жетті.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓