Торғай өзені алабы ұшақпен бақыланды

Қостанай облысының су тасқынына қарсы комиссиясының мүшелері Торғай өзенінің алабы бойынша облыс аумағының оңтүстік бөлігін ұшақпен тексеріп шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. ушакТЖ бойынша облыстық департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшу бағыты 8 бағдар бойынша түзілді: Қостанай — Ашутасты — Ақжар — Арқалық (карьер, бұру арнасы) — Сарыторғай өзенінің басы — Қызылжұлдыз кентінің бөлімшесі — Ашутасты — Жалдама өзені (Аманкелді ауданы) — Қостанай.
"Комиссия мүшелері Арқалыққа бара жолда Амангелді ауданында қар жабынының жоқ екенін байқаған. Сондай-ақ, Торғай өзені алабының оңтүстік бөлігінде де қар еріп кеткен. Алайда, Ашутасты, Тасты және Қарынсалды өзендерінің солтүстік жағынан қар байқалды, — делінген ТЖД хабарламасында. —  Қызылжұлдыз бөлімшесі мен Үрпек ауылы арасында су бар».
Қарағанды облысы Ұлытау тауларынан Сарыторғай, Қараторғай, Саға өзендері арқылы келетін су ағынының қаншалықты күрделі болары әзірге белгісіз. Бұл аумақтағы қардың еруі енді ғана басталды. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓