Алуан саланың үздіктері

Өңірімізде осымен 18-ші мәрте облыстық Меценаттар клубы тағайындаған «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтары мен арнаулы сыйлықтарды тапсыру салтанаты өтті. Атаулы марапатқа «Әдебиет», «Бейнелеу өнері», «Театр өнері», «Музыка өнері», «Вокал өнері», «Хореография», «Журналистика», «Ғылым», «Мәдени мұра», «Ауыл жанашыры», «Білім», «Шығармашылық ұжым жетекшісі» номинациялары бойынша жоғары кәсіби шеберлігімен оқ бойы озған алуан түрлі саланың мамандары ие болады.IMG_0604Өткен 17 жыл ішінде 420 сыйлыққа 431 адам мен 37 ұжым ие болса, оларға 204 миллион теңге берілген екен.
— Еліміздегі экономикалық дағдарысқа қарамай, кәсіпкерлеріміз ерен еңбегімен оқ бойы озық шыққан сала мамандарын қаржылай демеу – өңір азаматтарына жасаған зор құреметі деп білемін. Бір қуантатыны, жылдан жылға Меценаттар клубына мүше болатындар қатары көбейіп келеді. Сол себепті, жомарт жандардың әлі талай игі бастамаға мұрындық болатынына сенімдімін, — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің құттықтау сөзінде.IMG_0615Биылғы сыйлық үміткерлері арасында өзіміздің әріптесіміз, ширек ғасыр баспасөз саласында еңбек етіп келе жатқан дарынды журналист, облыстық «Қостанай таңы» газетінің аға редакторы Әлібек Ыбырайдың да бар екенін сүйіншілеп жеткізбекпіз. Сондай-ақ, салтанатты шара барысында Қазақстанның Халық ақыны, айтыстың ақтаңгері Әсия Беркенова Қостанай облыстық Меценаттар клубының арнайы сыйлығының иегері атанды.IMG_0636
IMG_1014Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
Қостанай облыстық Меценаттар клубы  тағайындаған «Қазына» және «Шабыт» сыйлықтары мен арнаулы сыйлықтардың иегерлерінің толық тізімі:
«Ауыл жанашыры» номинациясы:
«Қазына» сыйлығы – Сапура Қабжәлелқызы Әлібекова (Жангелдин ауданы);
«Шабыт» сыйлығы – Мұрат Жақсылықұлы Нағашыбай (Меңдіқара ауданы).IMG_0650
IMG_0677«Театр өнері» номинациясы:
«Қазына» сыйлығы – Наталья Борисовна Дедюх (М.Горький атындағы облыстық орыс драма театры) және Ажар Сәрсенбайқызы Шәкіржанова (І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры);IMG_0711«Шабыт» сыйлығы – Олжас Қонысбекұлы Бегайдаров (І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры) және Александра Анатольевна Зинкова (М.Горький атындағы облыстық орыс драма театры).
IMG_0739 - копия«Әдебиет» номинациясы:
«Қазына» сыйлығы – Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі және Александра Ильинична Суслова, белгілі ақын әрі педагог.
«Вокал өнері» номинациясы:
«Қазына» сыйлығы – Гүлбану Сұлтанқызы Абдулина (Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі);
«Шабыт» сыйлығы – Жарқынбай Есенұлы Деріпсалдин, жас әнші-сазгер;IMG_0824
IMG_0791«Вокал өнері» номинациясы бойынша арнайы сыйлық – Серік Тінібекұлы Әбілев (Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі), Анастасия Юрьевна Пикулева (Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі), Анна Сергеевна Уварова (Қостанай қалалық №2 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы).IMG_0837
IMG_0856«Шығармашылық ұжым жетекшісі» номинациясы:
«Қазына» сыйлығы – Юрий Иванович Ивлев (М.Горький атындағы облыстық орыс драма театрының директоры);
«Шабыт» сыйлығы – Берік Ерназарұлы Оразалин (Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері).
«Шығармашылық ұжым жетекшісі» номинациясының арнайы сыйлығы – Андрей Васильевия Заика, Қостанай қаласының құрметті азаматы.
«Ғылым» номинациясы:
«Қазына» сыйлығы – Сейітбек Бекенұлы Қуанышбаев (география ғылымдарының докторы);
«Шабыт» сыйлығы – жас ғалымдар тобы Жанайдар Жағыпарұлы Бермұхамедов, Павел Викторович Шевченко, Анар Мұратқызы Меңдібаева (А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ).
«Хореография» номинациясы:
«Шабыт» сыйлығы – Константин Алексеевич Чеботарь (Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның балет артисі).
«Білім» номинациясы:
«Қазына» сыйлығы – Бибігүл Мазанқызы Өтегенова (педагогика ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты)
«Бейнелеу өнері» номинациясы:
«Қазына» сыйлығы – Әнуар Сартайұлы Сәпиев (І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры);
«Шабыт» сыйлығы – Инабат Жанабайқызы Жұматаева (Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 4-курс студенті).IMG_0984«Журналистика» номинациясы:
«Қазына» сыйлығы – Әлібек Кәдірұлы Ыбырай (облыстық «Қостанай таңы» газетінің аға редакторы) және Екатерина Александровна Тутова («Алау» теле-радио компаниясының директоры);
«Шабыт» сыйлығы – Дилара Сергалиевна Аронова (аймақтық «Костанайские новости» газетінің тілшісі)
«Музыка өнері» номинациясы:
«Қазына» сыйлығы – Геннадий Александрович Стаканов (Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның музыкамен әрлеу жетекшісі);
«Шабыт» сыйлығы – Ыбырай Әуезханұлы Есжанов (Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның артисі);
«Музыка өнері» номинациясының арнайы сыйлығы – Жұмағали Сүлейменұлы Өмірбек.
«Мәдени мұра» номинациясы:
«Қазына» сыйлығы – Аманжол Күзембайұлы, тарих ғылымдарының докторы;
«Мәдени мұра» номинациясының арнайы сыйлығы – Ғалихан Нұржанұлы Мәулетов.
 
Қыдырбек ҚИЫСҚАН
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓