Мектептерде смартфонға шектеу қойылмақ

Қостанай облысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін ғаламторды назарда ұстайтын арнайы бөлім құру жоспарлап отыр. 1_146977506228
Бұл туралы ұсынысты облыс прокуроры Марат Қайбжанов өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте айтты. Облыс аумағы бойынша соңғы екі айдың ішінде 6 суицидтік оқиға тіркелген. Бүгіндері білім беру саласында осыны қадағалайтын арнайы топ керек-ақ. Сонымен қатар, Марат Қайбжанов облыстық ата-аналар жиналысында мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салу керектігі туралы мәселе қозғауды ұсынды. 
Облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова бұдан басқа проблемалардың бар екенін айтты. Мысалы, өткен жылы облыстағы 107 мектептің 69-ы мемлекеттік аттестациялаудан өте алмай қалған. Соның әр алтынсышысы ер балаларға арналған технология кабинетінің болмауынан сүрініп отыр. Қалған 43 мектеп оқушылардың сабақ үлгерімнің төмендігінен өтпеді дейді Б.Даумова.
Сондай-ақ, Науырзым, Қамысты аудандары мен Арқалық және Лисаков қалаларының мектебі жыл сайын білім ошақтары арасында өтетін конкурстарға қатыспайды. Алайда, бұндай байқаулардың жеңімпаздары шамамен 20 млн теңге көлемінде грант ұтып алар еді. Сол қаржыға мектепке қажетті құрылғыларды сатып алуға болады. 
Жиын соңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сөз алып, бірқатар тапсырма жүктеді:
-Барлық аудан мен қала әкімдеріне мектептердегі материалдық-техникалық мәселелерді жуық арада шешуді тапсырамын. Оқулықтарды қазірден бастап қамдау керек. Бюджеттен ақша бөліп, 1-ші тамызға едйін бүкіл мектептерге кітаптар жеткізілетін болсын,-деді облыс әкімі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓