100 тонна өнім сатылды

4 наурызда Қостанай қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Сауда-саттық шарасына, әдеттегіше, 12 аудан мен Қостанай, Рудный қалаларынан өнімдер әкелінді.
Жәрмеңкеге жалпы салмағы 100 тоннаға жуықтайтын азық-түліктің 120 түрі саудаға қойылды.  Оның басым бөлігі ет өнімдері – 24,5 тонна. Ұзынсары мезгілінде арзандатылған бағамен ұсынылған еттің барлық түрлеріне сұраныс көп болды. Айталық, сиыр еті 950-1150 теңгеден бағаланса, жылқы етінің құны – 1000-1200 теңгенің аралығы. Келісі 950-1000 теңге қой етін, 700-900 теңгелік құс етін сатып алушылар да көп. Жұртшылық сүт, ұн, шұжық өнімдері жайылған сөрелер алды да адамнан арылған жоқ.  Әдеткідей, жұмыртқа саудасы да қызды. Осы жолы да молынан әкелініпті – барлығы 324 000 дана, он талы – 200-230 теңгеден. Мұнымен қоса, 10 тонна қант, 50 тоннаға жақын көкөніс, 14 тонна сұйық май саудасы жүк көліктерінің түбін көрсетті.
Сатылған тауарлардың жалпы құны – 56 млн теңге.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓