Тұрсын ЖҰРТБАЙ: «Бастағы саудагер идеядан арылсақ…» (бейне)

Ұқсас мақалалар...

7 Responses

  1. Бауыржан:

    Оқырман талғамын арттырсын, керек болса! Оқушысының талап-деңгейіне ғана жауап бере алатын жазушы жазушы емес. Оқырманның оқу деңгейі өсу керек, күрделі ойлау жүйесіне көшу керек. Тақ-тұқ сөйлеммен көркем әдебиет жасалмайды. Әлемдік әдебиеттің барлық мәтіндері күрделі. Бұрынғыдай баяндау формасы жоқ қазір. Қазақтың ертегі баяндаған секілді жадағайлап түсіндіріп, шайнап берсе, соны жұтуға ерінеді. Өзінің көркем ойлау жүйесін арттырамын демегендер қолына кітап алмай-ақ қойсын. Әдебиеттегі иірімдер, көркем тәсілдер жайдан-жай пайдаланылмайды. Көркем шығарманың ойын өзің тауып, іштей жалғастыра алуың керек. Миды ойландырып, жаттықтырып отыруға көмектеседі. Әдебиет тебірендіреді, жылатады. Сезімнің осы әсерін ойға айналдыру – өз қолыңда.
    Тұрсын айтқан ойлардан түйеріміз көп. Əдебиеттің əр қырын өз түйсігі арқылы өткізе білген.

  2. Бейсен Қапсалық:

    Расын айтқан бек, Жанұзақ келгелі газет қаншама дұрысталды. Газеттің газет екннін көрсететін осындай сұқпаттарды көрген сайын ішің жлиды. Оқырмандармен кездесу кезінде айтып еді алдығғы жылы өзгертуге тырсамын деп. Сөзінде тұрды. Ризамыз. Ермекбай, Гүлжан сиақты шимайлауға əуес жорналистердің орнына жастар келгені бір серпіліс қой. Кəзір елдің аузында жүрген Қиысқан, Жүсіп, Қасқырбай сияқты қасқырлардың дүниелері қандай керемет. Сəттілік тлеймін. Кəзір газет пен бірге сайт та дамыды. Он алты жыл оқырманымын. Қуанарлық заттар көп.

  3. Мықты әдебиетші өте аз. Әлемдік деңгей елдікті таныту үшін керек. Неге әдебиетте өрлеу  қарқыны шамалы? Мәселе тілге құрметтің аздығында, ұлт ретінде оянбауда жатыр. Қара қазан, сары бала қамы, күнкөріс билеп кеткен. Жақсы газет. Негізінде, сөз сүйектен өтуі тиіс. Көптеген жағдайда сөз де өтпей жатады-міне бұл мәңгүрттік. Сөз өтпеу деген — моральдық тұрғыда азып-тозудың үшінші сатысы.Тіл-ұлттың жаны, ал ұлттың ділі, діні, салт-сана, әдет-ғұрпы жүрегі, мыйы секілді маңызды. Тәрбие, иман т.б. осалдығы мәңгүрт етеді, ал бұл жарымжан, қабілетсіз пенде іспетті қылып, адамды құртып тынады.Күллі елде әрбір перзент рухани сауатты, мықты болуы қажет. Неге әдебиет? Мәдениет те қарқынды дамып жатқан жоқ!

    • Бейсен Қапсалық:

      Рас. Келісемін. Мəдениеттің құлдырап бара жатқан жері тым көп. Қостанайдың жағдайында тіптен бөлек. 

    • Ғалымбекұлы:

      Мықты əдебиетші аз, əдебиет көп. Əдебиет өлкесі тұрғыны көп, Тұрсыны аз. Сол себепті Тұрсекең ұсынған əр сөз, пікір, ой əр қазақ үшін құнды болуы тиіс. Теміртау зауыты туралы өтіп кетті))

  4. Дəулет:

    Сұқпат ауыр жазылған. Кітап немесе əдеби журналдарға беру керек. Газеттен көбі түсінбейді. Тұрсын ағамен үш рет жолығыппын. Ол қазіргі мен дегендерден əлдеқандай биік. Өз ісімен, арымен.

  5. Нәзира:

    Расын айтқан дұрыс, Тұрсын ағалар ескінің нағыз сынықтары ғой. Біраз, серпіліп қалдым мынаны оқып. Қасқырбай інішек, сұрақтарды жекіп қоймасаңшы. Әрқилылық керек. Қазіргі көркем әдебиеттегі сынның жоқтығы проблема емес. Сыни ойлау жүйесін жоғалтсаң, міне, басты мәселе. Ол дегеніңіз – нақты ойдың, істің дұрыс бағыты. Бір құбылысқа әр қырынан қарап, шешім шығарсаң, тұрақты болмақ. Сын да ретке келеді. Реті келер деп жүре берсең, сол реті келген тұстан бастап, кейін өзің ықтап кетесің. Көркем әдебиет те сол сияқты. Жазушы қашан да заманға, қоғамға қарама-қарсы, тістесіп отыруы тиіс. Ой шайқалады, содан соң шығарма пайда болады. Бізде мамыражайлық көбейіп кетті.

Добавить комментарий для Дана Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован.

↓