Нұрбол Жұмасқалиев «Тобылдан» кетті

Қостанайлық "Тобыл" футбол клубының аңыз ойыншысы, капитан — Нұрбол Жұмасқалиев командадан кетті. Сондай-ақ, қостанайлық ұжым сапында талай жыл тер төккен қақпашы Александр Петухов та командамен қош айтытсы.  Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.700_cd8f4ad8bc7dcf7e1814d1e26d0a86ec "Тобол" бас бапкері Омари Тетрадзе ардагер фтуболшылар туралы өз пікірін білдірді:
— Мен Нұрбол Жұмасқалиев пен Александр Петуховты кәсіби спортшы ретінде қатты бағалаймын. Дегенмен, олармен қоштасу оңайға түскен жоқ. Бұл бір күнде шешілген мәселе емес. Меніңше, біз көп ойланып, нақты шешімін шығардық. Командаға келгеніме көп болған жоқ, алайда, осы уақыт арасында кімнің кім екенін көре алдым десем болады. Клубқа жас әрі тәжірибелі ойыншылар қажет. Мен Нұрболдың клубқа сіңірген еңбегін бағалап, оның осында қалуын мақсат еттім. Оған бапкерлік топтың жұмысын ұсындық, дегенмен ол бас тартты. Біздің негізгі көздегеніміз — жүлделі орын. Келесі жылы екінші алтылықта қалып қоймай, жоғарғы орындарға талассақ дейміз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓