Жөндеу жұмыстарына – 10 млрд теңге

2017 жылы облыста жол жөндеу жұмыстарына 10 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл соманың тең жартысы облыс орталығында қалмақ. Билік өкілдерінің сөзінше, Майлин көшесінің мәселесі келер жылы толыққанды шешіледі. Сондай-ақ, Абай даңғылын қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасын таппақшы. Бұл мәліметтерді Қоғамдық кеңес отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спанов баяндап берді.спанов
Жіктеп айтқанда, қарастырылып отырған қаражаттың 110 млн теңгесі Таран-Варварин тас жолын қалыпқа келтіруге жұмсалады. Сарыкөл-Ұзынкөл аралығына – 92 млн, ал 160 млн теңге Қостанай-Введен тас жолын тегістеуге бағытталмақ. Затобол-Садчиков-Сергеев және Жітіқара-Қамысты жолдарын жөнге келтіру де жоспарға алынып отыр. Затобол кентінің Ленин көшесі, "Нұрай" шағын ауданына кіреберіс көріктендіріледі.
Ал Арқалық қаласына 500 млн теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Мұның есебімен қаладағы Абай, Байтұрсынов, Қайырбеков және Демченко көшелері жөнделмек. Осындай-ақ, 740 млн теңге Рудный қаласына тиесілі, мұнда да тоғыз көше тозығынан арылады. Жітіқаралықтар да 100 млн теңгеге сүйікті мекендерінің сүйкімін арттырады. Лисаков қаласындағы көшелерді күдірсіздендіруге 300 млн бағытталмақшы. Қарасу ауданы да еншісіз қалмайды: бұл өңірдегі жолдың бүлінген телімдерін түзетуге 265 млн теңге шығындалады.  жол
Жоғарыда айтқанымыздай, облыс бойынша қарастырылған қаржының қақ жартысы Қостанай қаласына құйылады. Карбышев, Жауынгер-интернационалистер, Жағалау, Лермонтов, Уральский көшелері және Абай даңғылы жөндеу көрмек. Мұның сыртында Быковский, Гашек, Гоголь және Маяковский көшелерінде де орта деңгейлі жұмыстар жүргізіледі. Шаруасы сиырқұйымшақтап кеткен Майлин көшесі келер жылы жаңа өңмен пайдалануға беріледі. Осылай деп уәде еткен билік өкілдері бұл көшенің Дощанов-Гагарин көшелері аралығындағы 2 шақырымдық телімді тақтайдай қылып, елу жыл көмулі жатқан су құбырларын жаңартуға қазынадын 600 млн теңгеге жуық қаражат қарастырылғанын айтты.Жолдар жөнделуде
Қорытындысында Қоғамдық кеңестің барлық мүшелері қаржы бөлу жоспарымен толықтай келісті.
 
ЖЖ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓