Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында…
Бүгін Федоров ауданында Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті.
Солардың алғашқысы — егемендіктің ширек ғасыры қарсаңында аудан тұрғындары ауыз суға қол жеткізді. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2013-2016 жылдар аралағында «Федоров ауданындағы су құбырын қайта жөндеу» инвестициялық жоспары іске қосылған болатын. Межеленген мерзім жетіп, Федоров және Жаркөл ауылдарына таза су беріліп отыр.
-Бұл – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында аудан тұрғындарына берілген үлкен сый. Федоровтықтар бұл сәтті көп күтті. Су құбырын жаңарту үшін бас-аяғы 1 млрд 639 млн 415 мың теңге жұмсалды. Жөндеу жұмыстары барысында су алу және су құбыры, екінші көтерілімнің су сору станциясы мен ұзындығы 93 шақырым болатын су тарату құбырлары салынды. Тұрғындарды тіршілік нәрімен үнемі қамтамасыз ету үшін жаңа электр желілері орнатылған. Бүгінгі таңда 2 300 абонент қосулы,-дейді Ғауез Нұрмұхамбетов.
Бұдан соң атқа мінерлер аудандық кітапхананың ашылу салтанатына қатысты. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» өңірлерді дамыту бағдарламасымен аудан орталығындағы ескі ғимаратты қалыпқа келтіру үшін жөндеу жұмыстары басталған болатын. Мақсат – жаңа кітапхана ашу. Берілген тапсырма ойдағыдай аяқталып, федоровтықтарға Тәуелсіздік тойы қарсаңында тағы да бір тарту болып отыр. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 52 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.










Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген автор.
Оқылым саны 1 149