Ағаш отырғызды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміз бойынша соның ішінде  облыс орталықтарында да  сенбілік өткізді. Сенбілік барысында қызметкерлер жалпы алғанда, барлығы төрт жүз жиырма бес түп  түрлі ағаш көшетін отырғызды, оның ішінде қайың, қарағай, жөке, шетен, тіпті боз арша ағаштары да  бар.

IMG_3328Сенбілікке мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің инспекторларынан бастап басшыларына дейін белсенді атсалысты. Айта кетерлігі сол,  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  осы  тұрғыдағы басқа да  шараларды ұйымдастырды.  Мысалы,  орталық мемлекеттік корпорацияда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылып республикалық спартакиада,  мемлекеттік тілді меңгеруге, оның аясын кеңейтуге, мәртебесін көтеруге  арналған «Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі»  байқауы, «Қазақстан балалар көзімен» тақырыбында мемлекеттік корпорация қызметкерлері балаларының арасында сурет салу сайысы  өтті.IMG_3315«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай бойынша филиалы – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің қызметкерлері мен мамандары  да сенбіліктен шет қалмады. Осы мекеменің директоры Қанат Төлепұлының  айтуынша, шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кең ауқымды   «25 игілік іс» акциясы шеңберінде өтіп отыр.IMG_3336-Бүгін біз ел болып атап өтетін  айтулы мерекеге өз үлесімізді қосып отырмыз. Еліміздің барлық қалалары мен облыс орталықтарындағы саябақтарға, аллеяларға, ботаника бақтары және жағажайларға  төрт жүзден астам ағаш көшеті отырғызылды. Бұл іс-шара бір мезетте болып отыр.  Мысалы,  Астана қаласында мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының қызметкерлері Ғашықтар аллеясына 25 шитен ағаш көшетін отырғызды. Республикамыздың басқа да облыстарында  осындай іс-шараға белсенді түрде  мамандар, қызметкерлер қатысып отыр. Бізде сырт қалған жоқпыз. Қостанай қаласындағы Аманкелді көшесі бойында 10 қарағай және 15 сүмбіл терек отырғыздық. Отырғызған ағаш көшеттеріміз жерсініп, көктеп өсіп, қаламызға көрік береді деп ойлаймыз,- деді Қанат Төлепұлы.

 
 
Гүлназым САҒИТОВА.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓