Қызын пышақтап өлтірді

Қостанай облысы қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған сотына ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша 1968 жылы туған азамат В-ға қатысты қылмыстық іс түсті.img_4375
Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қарасу ауданы Комсомольский кентінде айыпталушы түскі ас уақытында ішімдік ішіп алып, ұйықтап қалады. Осы уақытта құрбыларымен 26 жастағы қызы келеді. Олар арақ ішіп, дауыстары қатты шығып, әңгімелесіп отырған. Шудан үй иесі оянып кетіп, қызына ескерту жасайды. Осыдан кейін қызы екеуінің арасында ұрыс-керіс басталып кетеді. Дауыс көтеру, бір-бірін балағаттаудың арты төбелеске ұласады.
Қызының ауыр сөздерін көтере алмаған әкесі асүйден пышақ алып, бойжеткеннің кеуде тұсына бірнеше рет сұғып алады, салдарынан қызы оқиға орнында көз жұмады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓