Отбасыны қолдау апталығы басталды

Қостанай облысында «Отбасыны қолдау апталығы» акциясы басталды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында өткен баспасөз-конференциясында айтылды. Қалалық білім бөлімінің өкілі Наталья Величко, партияның облыстық филиалы саяси жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі Абылай хан Кәкенов және облыстық аналар кеңесінің төрайымы Лилия Саркисян апталық аясында ұйымдастырылатын іс-шаралармен таныстырды. IMG_8574
ҚР Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде Отбасы күні деп бекітілген болатын. Аталмыш мерекеге орай «Нұр Отан» партиясы ҚОФ апталық ұйымдастырмақшы. Жоспарға сай, 5-10 қыркүйек аралығында «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында әртүрлі іс-шаралар өтпек. Апталық аясында психологтар, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер тегін кеңестер беріп, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өкілдері жас отбасыларға баспана алудың жолдарын түсіндірмек. 7 қыркүйек күні отбасы мәселесіне қатысты бірыңғай қабылдау күні өтеді. Кез келген қостанайлық партияның кеңес беру орталықтарына жазыла алады. 8 қыркүйекте Жаңбыршиндер әулеті қаладағы жас отбасылармен кездеседі. Жаңбыршиндер отбасы 2014 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде жеңіске жеткен болатын. IMG_8582
— Отбасы күнін атап өтуге «Нұр Отан» партиясы ҚОФ белсенді түрде қатысып келеді. Осы мақсатта жергілікті жердегі ҮЕҰ-дар, мемлекеттік мекемелермен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Биыл заңды және психологиялық кеңес беруге аса мән беріп отырмыз. Қазіргі күні қоғамдық қабылдауға төрт отбасы жазылды. ҚМУ, ҚМПИ сияқты жоғары оқу орындарында әртүрлі іс-шаралар жоспарланған,-деді «Нұр Отан» партиясы ҚОФ саяси жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі Абылай хан Кәкенов.
Мерекеге орай қалалық білім бөлімі «Қайырымдылық керуені» акциясы шеңберінде аз қамтылған отбасылардың немесе ауыр науқасқа шалдыққан балаларға оқу-құралдары беріледі. Отбасындағы психология пәні бойынша облыс мектептерінде түрлі іс-шаралар жоспарланған. 10 қыркүйек күні барлық мектептерде жалпы ата-аналар жиналысы болады. IMG_8585
— Отбасы – біздің әр саладағы жетістіктеріміздің негізі, бастау көзі. Баланың өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасы отбасындағы тәрбиеге байланысты қалыптасады. Елбасы Рио-2016 олимпиадасының жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде жеңіл атлетші Ольга Рипакованың қола жүлдесін алтынға теңеді. Себебі, спортшы Рио олимпиадасына дейін балалы болды. Сондай-ақ олимпиадада ел үмітін ақтады. Жастар ең бірінші орынға отбасыны қою керектігін түсінсе екен,-деді облыстық аналар кеңесінің төрайымы Лилия Саркисян.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓