«Еңбек жолы» байқауы жарияланады

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» эгидасымен қоғамда Еңбек адамының мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру мақсатында Қостанай облысында «Еңбек жолы» республикалық конкурс өткізіледі. 
  Конкурстың мақсаты үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін айқындау. Конкурсқа өндірістің барлық қызметкерлері қатыса алады.
Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі:
1) «Үздік еңбек әулеті» — ең көп наградалары, ұзақ жылдық еңбек өтілі бар әулет таңдалады;
2) «Үздік жас қызметкер» — жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
3)  «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» — жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.  
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) номинацияны көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы еркін түрдегі өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбекшілер әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.
Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері): 
Мемлекеттік немесе ведомстволық сыйлықтардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері
біліктілігін арттыру туралы сертификаттар (бар болғанда).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
Барлық мүдделі мәселелер бойынша Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүгіну қажет (Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, 212 кабинет,          тел.: 8 7142 501300.)
     

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓